Мәдениет

Жамбыл ұрпақтары – Абай елінде

Жамбыл Жабаевтың ұрпақтары Абай еліне тағзым етіп, ұлы бабалар рухына тәуіп ету үшін Алматыдан арнайы сапармен келді.

Жамбыл ұрпақтары – Абай еліндеЖамбылдың көзіндей болған немересі, 87 жастағы Әлімқұл Жамбыловтың өзі бастап, баласы Мұратхан, немересі Ерсұлтан қостап, Семей қаласынан Жидебайға келіп, Абай мұражайын аралап, бабалар кесенесінде ұлылар рухына құран бағыштап, құрбандық шалып, қатым түсірді.

Жамбылдың немересі Әлімқұл ақсақалдың айтуына қарағанда, 1976 жылдан кейін Абай еліне келуі осы екен. Мақсаты Абай, Жамбыл арасындағы рухани байланысты кеңейтіп, ұлылар жерін бір көріп қайту екен.

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Ә.Мырзақасым мен мәдениет үйінің директоры С.Нұрпейісов Әлімқұл Жамбылов ақсақалға ел атынан алғыс білдіріп, оқалы шапан жауып, естелік ретінде өлке тарихынан хабар беретін бірнеше кітапты тарту етті. Әлімқұл ақсақал домбырасын қолға алып, тілегін жыр жолдарымен ағытты. Немересі Ерсұлтан Жамбыл бабасының «Сүйінбай – Саурық» дастанын толғады.

Т.Берікбекова,
аудандық мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімінің жетекші маманы

Абай ауданы.

Осы айдарда

Back to top button