Денсаулық сақтау

Жаңа жүйені енгізу әлі жалғасады

Жаңа жүйені енгізу  әлі жалғасады


Әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорына қатысты тұрғындардан ең жиі түсетін сауалдар:

– Қорды ұстап тұруға қаражат қайдан алынады және ол сома қалай жұмсалады?

– Қор комиссиялық сыйақы есебінен ұсталады. Келесі жылға комиссиялық сыйақы мөлшері бекітілген жоқ, сондай-ақ директорлар кеңесі даму жоспарын да әзірге бекітпеді.

– ӘМСҚ-да қанша қызметкер жұмыс істейді?

— Директорлар кеңесі 819 штаттық бірлік бекітті, бұл – жүйе толық күш алған жағдайда қажет адами ресурс. Қазіргі құрам аз: 57 адам орталық аппаратта және 132 адам филиалдарда. Қызметкерлердің еңбекақыларына жұмсалатын қаражатқа қоса, ақпараттық жүйелерді қолдауға, банк қызметіне, Ұлттық банктің қызмет көрсетуіне жұмсалатын шығындар бар.

— Ұлттық банктің ӘМСҚ қаражатын инвестициялау үшін қойған сыйақы мөлшерлемесі қандай?

— Стандартты. Ұлттық банк оны БҰЗҚ, МӘСҚ-дағы сияқты жағдайларда қойылатын талаптар негізінде белгілейді.

— Қор шығындарына кім мониторинг жүргізеді?

— Қорда бақылаудың үш түрі бар. Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік бақылау жүргізеді, оларға тоқсан сайын тоғыз түрлі есеп беру құжаттарын тапсырамыз, бұл есептер Қаржы министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігі үшін де қолжетімді. Бұдан басқа, Қорда қаржылық есеп берудің халықаралық стандарты (ҚЕХС) бойынша құрылған бөлек есеп бар. Активтер бойынша, тәуелсіз аудиторлық ұйымдар арқылы аудиттелетін өз қаражаттары бойынша балансы бар және ол жария түрде біздің сайтымызға орналастырылады. Сайтта 2016 жылдың (тек 1,5 айда жүргізілген жұмыс болса да) есебі бар. Біз сондай-ақ қаржылық есепті депозитарийге орналастырамыз. Директорлар кеңесі арқылы корпоративтік бақылау жүргізіледі, оны Денсаулық сақтау министрі басқарады. Оның құрамында Қаржы вице-министрі, Ұлттық экономика вице-министрі, Ұлттық банк төрағасының орынбасары, тәуелсіз директорлар бар.

Директорлар кеңесі еңбекақы төлеу жүйесін, штат санын, Қордың ішкі құжаттарын бекітеді. Корпоративтік басқару стандарттарына сәйкес, Қорда тәуекелдерді (қауіп) басқару саясаты мен шаралары жұмыс істейді, ақпараттық қауіпсіздік шаралары бекітілген.

– ӘМСҚ-да жиналған ақшалар не болады?

– МӘМС туралы Заңға сәйкес, Қор активтерінің сақталуына мемлекет кепілдік береді. МӘМС үшін түскен ақшалай қаражаттың барлығы Ұлттық банктегі Қордың шотында сақталады. Ол қаражаттың сақталуын қамтамасыз етіп, МӘМС аясында медициналық қызметтер сатып алу басталғанға дейін оларды басқарады. Қаржы құралдарының тізбесі Үкіметтің 2016жылдың 14 сәуіріндегі №210 Қаулысымен 2016 жылы айқындалған.

– Қордың қызметі қалай бақыланады?

– Қор коммерциялық емес акционерлік қоғам болып табылады, оның бірден-бір құрылтайшысы және акционері – Үкімет.

Қордың директорлар кеңесін Денсаулық сақтау министрі басқарады, құрамында Қаржы вице-министрі, Ұлттық экономика вице-министрі, Ұлттық банк төрағасының орынбасары, «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясының басшысы бар, бұдан басқа тәуелсіз директорлар ретінде Литва медициналық сақтандыру қоры басшыларының бірі, сондай-ақ белгілі сарапшы – Салық төлеушілер қауымдастығының басқару кеңесінің төрағасы жұмыс істейді.

Қор қызметі қатаң түрде заңнама сәйкес жүзеге асырылады. Сатып алу (ережелері) тәртіптері мен тарифтерді Денсаулық сақтау министрлігі бекітеді. Қордың даму жоспары Ұлттық экономика министрлігінің талаптары негізінде құрылған және оның орындалуы тоғыз түрлі есеп беру бойынша бақыланады. Қордың қаржылық есебі қаржылық есеп берудің халықаралық стандарты (ҚЕХС) бойынша жасалады және тәуелсіз ұйым арқылы аудиттеледі. Одан бөлек, Қордың қызметін бақылау үшін мемлекеттік органдарға арналған сегіз түрлі есеп беру нысандары қарастырылған.

Міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мерзімінің 2020 жылдың 1 қаңтарына шегерілуіне байланысты жарналар мен аударымдарды төлеу тәртібі қалай өзгереді?

ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР – ӨЗГЕРІССІЗ

Жұмыс берушілер үшін МСҚ-ға аударатын аударымдар мөлшері өзгермейді: 2018-2019 жылдары 1,5%, 2020 жылдан бастап – 2%.
Қарамағында жалдамалы жұмыскерлері бар жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының иелері жарнаны осы тәртіп бойынша төлейді.

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР – жарна төлеуден 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін босатылады

Азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде табыс табатын тұлғалар төлейтін жарна мөлшері төмендетілді. Олар 2020 жылдан бастап табыстың 1 пайызы, 2021 жылдан бастап 2 пайызы көлемінде жарна төлейді. 2018-2019 жылдары олардың табысынан жарна ұсталмайды.

Жеке кәсіпкерлер 2018-2019 жылдары ЖК ретінде өзі үшін жарна аудармайды. Бірақ қарамағындағы қызметкерлер үшін жұмыс беруші ретінде жарна аударуды тоқтатпайды (2018-2019 жылдары 1,5%, 2020 жылдан бастап – 2%)

Жұмыс берушілер жалдамалы жұмыскерлердің жалақысынан 2020 жылы 1%, 2021 жылдан бастап 2% ұстап, Қорға аударады.

Мемлекет жекелеген санаттағы азаматтар үшін жарнаны 2020 жылдан бастап аударады. Аударылатын жарна мөлшері оған дейінгі екі жылға бекітілген орташа айлық жалақының 4 пайызын құрамақ («Міндетті медициналық сақтандыру туралы» Заңның 26-бабы 2,3-тармақтары).

Жоғарыда көрсетілген санаттарға жатпайтын тұлғалар бір ЕТЖ (ең төменгі жалақының) 5 пайызын төлеп, сақтандыру жүйесіне қосыла алады.

I. 2017 жылы жеке кәсіпкерлер жарнаны қалай төлейді?
Жалпы тәртіптегі жеке кәсіпкер – «Міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру туралы» Заңның 30-бабы 6-тармағына сәйкес, жеке кәсіпкерлер 2017 жылы шілде-желтоқсан айлары үшін жарна аударады. Жарна келесі айдың 25-інен кешіктірілмей төленуі тиіс. Яғни, 2017 жылдың желтоқсаны үшін жарнаны 2018 жылдың қаңтарында төлеуге болады (2018-2019 жылдары жарна төлеуден босатылған).

Жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимін пайдаланатын жеке кәсіпкерлер – 2017 жылдың шілде-желтоқсан айлары үшін. Жеңілдетілген декларация ҚР салық органдарына салықтық есеп беретін кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-інен, ал салықтар есеп беретін кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей өткізіледі. Сондықтан соңғы төлем 2018 жылдың 25 ақпанынан кешіктірмей төленуі тиіс (2018-2019 жылдары жарна төлеуден босатылған).

Айна Ескенқызы

Осы айдарда

Back to top button