Мәдениет

Өзбек орталығы жұмысын бастады

Семейдегі Достық үйінде өзбек халқының этно-мәдени орталығы ашылды.

Өзбек орталығы жұмысын бастадыТұсаукесерге Қазақстан халқы Ассамблеясы Шығыс Қазақстан облысы хатшылығының меңгерушісі Еркінбек Аязбаев қатысып, орталықты ресми түрде іске қосты. Оның айтуынша, облыстағы 9 Достық үйінде 82 этно-мәдени бірлестік өз ұлтының мәдениетін дамытуда.

– Осындай орталықтар Қазақстанда тұратын әр халықтың дәстүрін, әдет-ғұрпын сақтауда үлкен рөл атқарады, – дейді орталық мүшесі Қабыш Түтбайұлы.

Облыста 900-ге жуық өзбек ағайындар бар, ал Семей бойынша олардың саны 200-ге жуық. Осыған орай алдағы уақыттарда өзбек халқының дәстүрін, мәдениетін, ұлттық тағамын дәріптеуде түрлі мәдени шаралар өткізу жоспарлануда.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button