Денсаулық сақтау

Ғылыми-зерттеу институттарының мамандары қабылдайды

Ғылыми-зерттеу институттарының мамандары қабылдайды
Шығысқазақстандықтарға Астана мен Алматының білікті дәрігерлеріне қаралу мүмкіндігі туып тұр. 15-24 мамыр аралығында облысқа еліміздің басты екі шаһарында орналасқан ғылыми-зерттеу институттарының мамандары келіп, науқастарды қабылдайды.
15-17 мамыр аралығында Ұлттық нейрохиругия орталығының мамандары Өскемен қаласындағы №1 қалалық ауруханада тәжірибе алмасады.
18-20 мамырда травматология және ортопедия ғылыми зерттеу институтының қызметкерлері облыстық ауруханада шеберлік сыныптарын жүргізеді және жоғары технологиялы операциялар жасайды деп жоспарланған.
22-23 мамырда А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығынан екі маман – жалпы хирург және қан тамыры хирургі келеді деп күтілуде. Алматылық дәрігерлер келушілерді диагностикалық орталықта қабылдайды.
Ұйымдастырушылардың түсіндіруінше, институт мамандарының қабылдауына жолдаманы жергілікті терапевт дәрігерден алу қажет.

Кәмәл Естай

Осы айдарда

Back to top button