Мәдениет

Әуезов әлемі әлі зерттеледі

Семейде ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің 115 жылдығына арналған «Мұхтар Әузов әлемі қазіргі ғылым кеңістігінде және зерттеу мәселелері» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Әуезов әлемі әлі зерттеледіКонференцияға Түркия, Қытай сияқты шетелден келген ғалымдар қатысып, әуезовтану бағытындағы ой-толғамдарын ортаға салды. Мұхтар Әуезовтің туған күні қарсаңында өткізіліп отырған конференция ұлы жазушыға деген ұлттық құрмет пен әлемдік көзқарасты кеңейте түспек. Түрік университетінің доценті Карини Джахангир, Қытайдағы Цзиньзян университетінің профессоры Бақытбек Тайырұлы сияқты ғалымдар жазушы шығармаларының бүгінгі таңдағы өзектілігіне тоқталып өтті.

Мәселен, Қытайда әр тілде шығатын журналдар бар екен. Оның беттерінде күні бүгінге дейін әуезовтану мәселелері қарастырылып келеді. Ал түрік ағайындар Әуезовті оқыған сайын қазақ халқының тағдырына, тарихына үңіле түсуде. Конференцияның секциялық отырыстарында Әуезов әлемін халықаралық деңгейге көтеру тақырыбы қозғалды.

Раушан Нұғманбекова

Семей.

Осы айдарда

Back to top button