Туризм

Туристер саны артты

Азамат Темірбеков

 Ұлан ауданына келетін туристер саны биыл өткен жылмен салыстырғанда 45,8 пайызға ұлғаяды деп күтілуде. Бұл туралы аудан әкімі Ренат Құрмамбаев мәлім етті.

Аудан басшысының айтуынша, Ұлан өңірінде туризмді дамыту тұжырымдамасы жүзеге асуда. Мұнда ішкі және сырттан келетін туристер санын арттыру, нөмірлік қорды ұлғайту, салаға құйылатын инвестицияны өсіру сияқты нысаналы индикаторлар бекітілген.

– Биыл ішкі туристер санының артуы бойынша жоспар көрсеткіші 26 029 адамды құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 45,8 пайыздық өсім күтілуде. 2021 жылы 14 109 адамды құраған болатын, – деді аудан басшысы.

Осы жылы сырттан келетін туристер мен оларды жатын орындармен қамту бойынша жылдық жоспар да толық орындалған. Сондай-ақ, биыл салаға инвестиция қарқынды тартылып, 1,2 млрд. теңгеден асатын сомаға жоспар бекітілді. Осылайша, өткен жылмен салыстырғанда салаға салынатын инвестиция 20,8 пайызға ұлғаяды деп күтілуде. Былтыр жоспар аудан бойынша 1 млрд. теңгеге бекітіліп, нәтижесінде туризм инвестициясы 900 млн. теңгені құраған.

Осы айдарда

Back to top button