ТОПТуризм

Катонқарағайға әуе рейсі ашылуы мүмкін

Катонқарағай – ауданы туризм саласын дамыту жағынан өңірдегі ең әлеуеті жоғары аудандардың бірі.

Бүгін облыс әкімі Ермек Көшербаевпен кездесу барысында аталған ауданда әуе қатынасын жолға қою мәселесі көтерілді, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Катонқарағай өңірінде жаңа әуежай салу – жіті зерттеуді қажет ететін күрделі мәселе. Өйткені өңірде кеңес дәуірінде салынған ескі әуежай бар. Өткен кезеңде біраз ауданда әуе қатынасы жолға қойылған еді.

– Зайсан ауданының тәжірибесін пайдалана отырып, Өскеменнен Катонқарағай ауданына әуе рейсін ашудың жолдарын қарастырамыз. Тікұшақпен тасымалдауды ұйымдастырудан бастауымыз мүмкін, – деді аймақ басшысы Ермек Көшербаев.

Аймақ басшысы атап өткендей, азаматтық авиацияның жаңа ережелеріне сәйкес мұндай нысандарда тиісті қызметтердің жұмысын ұйымдастыру қажет. Тиімділік жолаушылар ағынына тікелей байланысты болады.

Осы айдарда

Back to top button