Экономика

«Toyota» елімізде көлік зауытын салады

«Кедентранссервис» компаниясы елімізде «Toyota» көліктерін шығаратын зауыт салу үшін жапондықтармен келіссөз жүргізуде. Бұл туралы жоғарыдағы отандық компанияның президенті Еділ Ысқақов журналистер алдында мәлім етті.

«Toyota» елімізде көлік зауытын салады– Біз қазір «Toyota»-мен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Біздің елде олар зауыт салуды жоспарлар отыр, – дейді ол.

Оның айтуынша, жапондық концерн келешектегі құрылыс алаңы ретінде Өскемен мен Қостанай қалаларын қарастырып жатқан көрінеді. Сонымен қатар автокөлік жабдықтарын Қазақстанға жеткізу жағы, яғни, Транссібір немесе Қытай арқылы тасымалдау мәселесі де анықталу үстінде. Дегенмен Е.Ысқақов өз сөзінде «Кедентранссервис» «Трансконтейнермен» бірлесіп «Kia» және «Chevrolet» мәшинелері үшін «General Motors» пен чехиялық «Scoda» зауыттарынан Өскемендегі «Азия Авто» кәсіпорнына автокөлік жабдықтарын жеткізіп отырғанын тілге тиек етті.

Айта кету керек, «Кедентранссервис» АҚ еліміздегі ірі көлік-логистикалық компаниясы қатарынан саналады. Оның филиалдары республиканың әр аймақтары мен ірі қалаларында жұмыс істеуде.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button