Оқиғалар

Тілсіз жау орын таңдамайды

Тілсіз жаудың уақыт пен орын таңдамайтыны белгілі. Ойда-жоқта тұтанатын өрт атаулыдан сақ болғанымыз абзал.

Тілсіз жау орын таңдамайдыТөтенше жағдайлар жөніндегі қызмет мамандарының мәлімдеуінше, жуықта Сарыбел, Көкпекті, Үлкенбөкен, Теректі, Шұғылбай, Тассай, Көкжайық және Белое ауылдық округтерінде тілсіз жау – өрт тұтанған.

«Елім-ай» шаруа қожалығының басшысы Б.Бекбердиновтің айтуынша, барлық өрт адам факторынан емес, былтыр шабылмай қалған шабындықтар мен пайдаланылмаған алқаптардан шығып отыр. Абырой болғанда күн райы салқындап, жаңбыр жауып, тілсіз жаудың екпіні басылды. Орын алған жағдай барлық ауылдық округтердің ойда-жоқта шығатын өртке қарсы дайындығының қандай дәрежеде екенін бір тексергендей болды.

Эльмира Тайырқызы

Көкпекті ауданы.

Осы айдарда

Back to top button