ЖаңалықтарОқиғалар

Жедел жәрдем қызметкерлерін әлеуметтік желі арқылы іздеді – ШҚО

ШҚО тұрғынын жол үстінде ара шағып алып, кенеттен аллергиялық реакция басталған.

Бұқтырмадан келе жатқан жедел жәрдем бригадасы ара шағып алған адамды құтқарып қалды. Ер адамда бірден аллергиялық реакция басталған. Бұл жайында өскемендік тұрғын әлеуметтік желілерде жазды, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Бұқтырмадан қайтып келе жатқан оны Осинов асуының маңайында көлікке ұшып кірген ара шағып алады. Басында ер адам бұған мән бермеген, себебі бала кезінде оны омартада аралар бұрын да талай шаққан болатын.

– Бес-он минуттан кейін өзімді жайсыз сезіндім, көздерім қарауытып, тынысым тарылып, есімнен танатып қала жаздадым, – дейді ол.

Қарсы келе жатқан жедел жәрдем көлігін байқаған ер адам оны тоқтату үшін шамдарын жағып-өшіріп, белгі береді. Жедел жәрдемнен жүгіріп шыққан дәрігерлер оны тексеріп, бірден ЭКГ жасайды, қан қысымын өлшеп, көктамырына антигистаминді препарат жіберді. Жағдайына байланысты дәрігерлердің атын сұрамаған тұрғын оларға қалалық пабликтер арқылы ризашылығын білдіруді жөн көрген.

Жағдайдың мән-жайын анықтау мақсатында облыстық жедел медициналық жәрдем станциясына хабарластық. Бригада құрамында екі фельдшер – Дулат Рахымов пен Ердәулет Әділханов болған екен.

– 22 шілдеде Северное ауылындағы науқасқа бара жатқан 32-ші бригаданы Өскемен-Алтай тас жолында ер адам тоқтатып, көмек сұраған. Дәрігерлер жүргізушіге дереу медициналық көмек көрсеткен, ол стационарға жеткізуден бас тартты, – деп мәлімдеді жедел медициналық жәрдем станциясында.

Кәмал Естай

Осы айдарда

Back to top button