Мәдениет

«Таңшолпан» таланттарды танытады

Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен балалар үйлері тәрбиеленушілерінің арасында «Таңшолпан» республикалық байқауын өткізу жақсы дәстүрге айналғаны мәлім. Аталған шараның басты мақсаты – балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан талантты, өнерпаз балаларды анықтап, оларға шығармашылық бағыт-бағдар беру болып табылады.

«Таңшолпан» таланттарды танытадыОсыған орай Шығыс Қазақстандағы балалар үйлері тәрбиеленушілері арасында ұйымдастырылған облыстық байқауда екі би тобы үздік шығып, Астана қаласында 1-2 маусым күндері өтетін республикалық турға жолдама алды. Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облыстық балалар ауылы мен Шүлбі кентіндегі облыстық балалар үйінің жас бишілері үлкен дайындық үстінде.

– Сайысқа еліміздің барлық аймақтарынан ең талантты балалар жиналатынын білетін жас өнерпаздар өздеріне үлкен жауапкершілік артқанын жақсы түсінеді, – дейді облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары Альмира Тоқтағанқызы. – Біз жас өнерпаздарға үлкен жетістіктер тілейміз.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button