Экология

Сәлдегүл сиреп барады

Шығыс Қазақстанда Қызыл кітапқа енген өсімдіктердің 56 түрі бар. Биік тауда өсетін және медицинада кең қолданылатын кәдімгі сәлдегүл (таушымылдық) – сирек өсімдіктердің бірі.

Сәлдегүл сиреп барадыӨкінішке қарай, бүгінде таушымылдықтың өсу аумағы артпай отыр. Оған негізгі себеп – саңырауқұлақтарды (кордицепс) жинау. Кордицепстің мыңдаған түрі бар, Шығыс Қазақстанда көбелек құртының денесінде паразитті өмір сүретін қытай кордицепсі басым. Саңырауқұлақ спорасымен зақымдалған құрт өледі, ал саңырауқұлақ бұтақ түрінде өседі. «Ярсагумба» деп те аталатын құнды және жоғалу қаупі бар бұл өсімдікті тамырын бұзбай жинайды. Алайда, тұрғындар кордицепсті кәдімгі сәлдегүлді жоя отырып (қазып) алады.

Таушымылдықтың аталған түрін сақтау мақсатында облыстың табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, орман және аңшылық шаруашылығының жедел қимыл отряды, Марқакөл орман шаруашылығы, сондай-ақ Марқакөл қорығының инспекторлары және ішкі істер қызметкерлері бірлескен іс-шаралар жүргізуде. Олардың нәтижесі бойынша биыл 14 адам ұсталып, материалдар қылмыстық іс қозғау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді.

Бұдан бөлек басқарма құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында заңнама нормалары туралы халықты құлақтандырып тұрады. Осы жылдың өзінде екі мыңнан астам семинар, дәріс өткізіліп, 351 ақпараттық аншлаг орналастырылды, бұқаралық ақпарат құралдарында 34 мақала жарияланды, 5 мыңдай үнпарақ таратылды. Аталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Облыстық табиғи ресурстар және
табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

Осы айдарда

Back to top button