Оқиғалар

Шырша қиғандар шығынға батады

Шырша қиғандар  шығынға батады

Жаңа жыл қарсаңында заңсыз қиған шыршаңыз шығынға батыруы әбден мүмкін. Заңсыздықтың алдын алу мақсатында облыста «Шырша-2014» жедел алдын алу іс-шаралары өткізіліп жатыр.
Аталмыш шара барысында 84 рейд ұйымдастырылды. Бұған табиғатты қорғау органдары да атсалысты. Нәтижесінде бір ғана заңбұзушылық анықталды. Риддер қаласы төңірегінде жүргізілген тексеру жұмыстары кезінде бір орманшы 1,8 метр жасыл шыршаны кесіп алған. Ол азаматқа «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 283-бабының 1-тармағы бойынша хаттама толтырылды.
Шырша кесудің алдын алу мақсатында «Семей орманы» Бөкейбай филиалының әкімшілігі де бірқатар жұмыстар атқарып жатыр. «Семей орманы» мамандарының айтуынша, Жаңа жыл қарсаңында қылқанжапырақты ағаштарды қиғаны үшін бір данасына 15 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Кейбір жағдайда жеке тұлғаларға 20-25 АЕК айыппұл қарастырылған.
Жаңа жылдың сәніне, символына айналған тау шыршасын қиып, табиғатқа залал келтіргенше, үйіңізге жасанды шырша орнатқан дұрыс. Құқық қорғау мамандары мен орманшылар осындай ақыл айтады.

Мерей Қайнарұлы

Осы айдарда

Back to top button