Қоғам

Құрылыс басқармасында – жаңа басшы

Құрылыс басқармасында - жаңа басшы


Облыс әкімі Даниал Ахметовтің өкімімен құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болып Фархат Шорабай тағайындалды. Бұған дейін ол Сыртқы істер министрлігі материалдық-техникалық қамту департаментінің күрделі құрылыс басқармасын басқарған.

Фархат Шорабай 1974 жылдың 26 мамырында Жамбыл облысының Меркі ауданындағы Меркі ауылында туған.

1996 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтын «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген.

Қызмет жолын 2008 жылы Алматы қаласындағы «Кар-тел» ЖШС-нің қаржылық-әкімшілік дирекциясында жетекші маман болып бастаған, бөлім бастығы болды.
2010-2012 жылдары «Rent Investment Groyp» ЖШС мен «Management Service Brokerage» ЖШС-де басшылық қызметтер атқарған.

2013 жылдың маусымынан «Астана дипломатиялық корпусының қызмет көрсету басқармасы» акционерлік қоғамында құрылыс бойынша маман болып қызмет істеді.

2014 жылы Сыртқы істер министрлігі материалдық-техникалық қамту департаментінің бас сарапшысы міндетін атқарып, кейін осы қызметке тағайындалды.

2014 жылдың қазанында аталмыш департаменттің күрделі құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарып, 2015 жылдың ақпанында осы қызметке тағайындалды.

2017 жылдың қыркүйегінен бастап Шығыс Қазақстан облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы башысының міндетін атқарды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Осы айдарда

Back to top button