Біле жүріңіз

Қалаларды аралап, радио тыңдаңыз

ІТ

(Суретте Токио қаласы, Жапония)

Біраз уақыт бұрын көлікпен саяхаттауды сүйетін адамдарға арналған Drive & listen атты тамаша сайт ашылды. Ерекшелігі сол, бұл жерде үйден шықпай-ақ әлемнің кез келген қаласын көлікпен «аралап», сол қаланың радиосын тыңдай аласыз. Бейне бір көліктің рөлінде өзіңіз отырғандай сезімде боласыз.

Сайт оп-оңай жұмыс істейді. «Гугл» арқылы сайт ішіне кіресіз, сосын сол жақтағы төртбұрыш бағанның ішінен қалаған қалаңызды таңдайсыз. Ортадағы шаршыны бассаңыз, мәшиненің жылдамдығы қалауыңызға қарай артып, не кеміп отырады. Ал оң жақтағы шаршыны басып, көшенің шуын естуіңізге болады.

Мархабат, жол болсын!

Әзірлеген – Тасқын Болатұлы

 

 

 

Осы айдарда

Back to top button