Тележүргізуші Шаһ-Керім Кәрменовтің реп оқитынын білесіз бе?
Атышулы «Қалаулым» бағдарламасын жүргізетін журналист Шаһ-Керім Кәрменовтің орысша реп оқығанын білесіз бе?
Шах-Керім Кәрменов 1990 жылы Алматы қаласында әртіс, әнші, журналист Жәнібек Кәрменовтің отбасында дүниеге келген.
Бала кезінен ол музыкамен және шығармашылықпен айналысқанды жақсы көрді. Ән айтқанды, оқығанды, өлең жазғанды ұнатты. Гитара мен домбырада ойнады. Дзюдо мен суда жүзуді жақсы көрді. Ал, реп оқи алатыны жайлы халық білмеген еді. Оны біз Анара Батырханның «Taboo» бағдарламасынан білдік.
Анара Батырханның “Біз білмейтін Шаһ-Керімнің қандай қызығушылықтары бар?” деген сұрағына “Оқушы кезімде орысша реп оқитынмын, тіпті мәтіндері әлі есімде. Мен жалғыз оқымадым, топта үш бала болдық, біраз дүниелерді шығардық. Бірақ, қазір айналыспаймыз, үшеуміз үш жаққа кеттік, олар қазір жеке кәсіппен айналысады. Және әйеліме жас кезімде орысша өлеңдер арнап жазып жіберетінмін” деп жауап берді Шаһ-Керім.
Аяулым Сағиолда