Біле жүріңіз

Актер Асылхан Төлеповтің таэквондошы екенін білесіз бе?

Актер Асылхан Төлепов бос уақытында ән айтады, сонымен қатар таэквондо спортын жетік меңгерген. Қолы қалт етсе, жаттығу залына барып, жаңа ұрыс тәсілдерін үйренуге құмар.

Мәселен, былтыр жазда актер аралас ұрыс өнері бойынша (ММА) жеңіске қол жеткізді. Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткен жекпе-жекте Төлеповтің қарсыласы жеңіліп көрмеген әзірбайжандық файтер Намик Агабалаев болды. Үш раундтың қорытындысы бойынша Асылхан Төлепов төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Төлепов «Рэкетир 2», «Финансист», «Жаужүрек мың бала» секілді фильмдермен танылған.

Малика Ахмет

Фото ru.pinterest.com сайтынан алынды

Осы айдарда

Back to top button