Біле жүріңіз

Димаш алғашқы жүлдесін алты жасында алған болатын

Әнші Димаш Құдайбергенді көпшілік 2017 жылы Қытайда өткен «I am singer» телевизиялық шоуынан бастап танымал болды деп санайды. Десек те, ол оған дейін де түрлі байқауларда жеңімпаз атанып жүрген болатын.

Ол 6 жасында-ақ «Айналайын» республикалық байқауының фортепиано номинациясында жеңімпаз атанған болатын.

Ал, 2010 жылы «Байқонырдың әсем дауысы» халықаралық фестивалінің бас жүлдесін иеленді. 2012 жылы «Жас қанат» республикалық байқауының бас жүлдесіне ие болып, «Восточный базар» халықаралық байқауында лауреат атанды. 2013 жылы «Мейкин Азия» халықаралық фестивалінің жеңімпазы болды. 2015 жылы «Славян базары» байқауында гран-приді жеңіп алған. 2016 жылы жас әнші президент стипендиясына ие болды.

«I am singer-2017» байқауы 2017 жылы 21 қаңтардан 22 сәуірге дейін «Хунан» телеарнасынан апта сайын көрсетілді. Жарыста ол финалға жетіп, бірінші орынға ие болады. Сөйтіп қысқа мерзімде миллиондаған жанкүйер жинап, Азия көрермендеріне танылды.

Бұл байқауда Димаш ең жас қатысушы болды. Сонымен қатар ол – байқауда бірнеше тілде ән орындаған жалғыз әнші. Димаш әндерді  испан, ағылшын, француз, орыс және басқа тілдерде орындайды.

Димаш орындаған француздың «S.O.S. d’un terrien en détresse» әнін әлем бойынша 2 миллиардтан астам адам қараған.

Айсұлу Ермекова

Осы айдарда

Back to top button