Қоғам

Пойыздар күнде жүретін болды

 

 «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Өскемен-1» және «Алматы-2 – Өскемен-1» жолаушылар пойыздарының бұрынғы кестесін қалпына келтірді.

Бұл шешім ведомствоаралық комиссиясының 16 маусымдағы шешімі мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 18 маусымдағы хатына сәйкес қабылданды.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық өзекті ақпаратты «105» нөмірі арқылы немесе Bilet.railways.kz сайтынан мен «Қазақстан темір жолы» компаниясының әлеуметтік желідегі аккаунттарынан алуға болады.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы жолаушылардан коронавирус инфекциясының таралу қаупіне байланысты теміржол билеттерін Bilet.railways.kz сайты арқылы немесе «ҚТЖ билеттері» мобильді қосымшасында белгіленген тәртіпте онлайн ресімдеуге, сондай-ақ вокзалдардың маңында және пойыздың ішінде маска режимін сақтауға шақырады.

Аталған пойыздардың кестесі өткен жылдың екінші қарашасында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін өзгерген еді.

Жасын Қалибек

Осы айдарда

Back to top button