Бәрекелді

Оралбаевтар отбасы озып шықты

Берікхан Тайжігіт, Аягөз

 Ауданда Аягөз гарнизоны әскери бөлімдерінің арасында «Мерейлі отбасы-2022» байқауы өтіп, оған өнерлі де үлгілі  алты отбасы қатысып,  бақ сынады.  Әскери отбасы мүшелері бұл күні өздерінің бойындағы  өнерімен шеберліктерін ортаға салды.

Қазақ халқының дарабоз батыры, даңқты қолбасшысы Қаракерей Қабанбай батырдың туғанына 330 жыл толуына орай өткізілген аталмыш шара жұрт көңілінен шыққанын айтқан ләзім.

Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері алдымен өздерін таныстырып, халқымыздың салт-дәстүрін насихаттайтын әртүрлі тапсырма орындады, сұрақтарға жауаптар берді. Бүгінгі жаңа заманға сай сән үлгілерін көрсетті. Қорытындысында   қазылардың ортақ шешімімен тартысты өткен бәсекенің бас жүлдесі  97616 әскери бөлімінен келген Оралбаевтар отбасына бұйырды. Бірінші орынды танк әскери бөлімінен Тұраповтар иеленсе, екінші орынды 10181 әскери бөліміне қарасты Рахатовтар  отбасы еншіледі. Ал үшінші орынды 36376 әскери бөлімінің намысын қорғаған Мұхаметкәрімовтер місе тұтты. Шара барысында әртүрлі аталым бойынша үздік шыққан отбасылардың барлығы да марапатталды.

 

Осы айдарда

Back to top button