БәрекелдіСпортТОП

Жетпістегі велосаяхатшы Өскеменге жетті

Зейнеткер Жұмабай Отарғали ел аумағын велосибедпен аралап жүр.

Алыс жолды қос дөңгелекті көлікпен бағындырып үсренген ақсақал бұл жолғы сапарын елордасы Астананың 25 жылдығына арнаған, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Велосаяхатшы сапарын 21 маусымда Атырау қаласынан бастаған. Осы уақыт аралығында ол Қазақстанның оңтүстік аймағын жүріп өткен. Алыс жолдан облыс орталығына ат басын тіреген Жұмабай Отарғалиды шығыс жұртының құрметті азаматтары қарсы алды.

-Қазақстан аумағын толық аралап шығайын деген ниетпен сапарға шыққанмын. Бүгін Өскеменге жеттім. Шығыс жұрты қуана қарсы алып жатыр. Алғысым шексіз. Осы сапарымды Астананың 25 жылдығына және Сұлтан Бейберыстың 800 жылдығына арнағым келеді. Жүгірген аң мен ұшқан құстың қанаты талатын байтақ даламызды танып, оның кереметін елге дәріптеу үлкен мәртебе, -дейді Жұмабай Отарғали.

Айта кетелік, велосаяхатшы облыс орталығында тынығып алып, сапарын ары қарай жалғастырмақ. Ол сәрсенбі күні Өскеменнен Абай облысына жолға шығады.

Ынтымақ Толқын

 

Осы айдарда

Back to top button