Аймақтар аухалыБілім

ОҚИМЫН ДЕГЕН АДАМҒА ОҚУ ТЕГІН

Серік ҚҰСАНБАЕВ

 Тәуелсіздігімізді жариялағалы бері қоғамда шешімін таппай келе жатқан күрделі мәселенің бірі – жұмыссыздық. Ол қалада да, ауылды жерлерде де бар. Осы тығырықтан шығудың жолын әр аудан әртүрлі жолмен шешіп жатады.

Аудандық  халықты жұмыспен қамту орталығының берген мәліметі бойынша, Үржар ауданында 2022 жылы жұмыс берушілердің тапсырысы негізінде қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 23 адам жұмыс берушінің жұмыс орнында және 51 адамды жалпы оқыту жоспарланған. Бүгінгі күнге 18 адам тракторшы, 19 адам аспаз, 14 адам тігінші мамандықтары бойынша оқуды аяқтап, 48 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Ол жолданған адамдардың 94%-ын құрайды және үш адам жеке кәсіпкер ретінде тіркелген.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 60 адамға 400 АЕК мөлшерінде   қайтарымсыз мемлекеттік грант беру жоспарланған. Есепті кезеңге 55 үміткерге грант беру мақұлданған. Оның ішінде жастар арасынан 24 адам, халықтың әлеуметтік осал топтарынан 31 адам. Электрондық еңбек биржасының интернет-порталында бесінші ағым бойынша желтоқсан айында 22 адамға грант беру жоспарланған.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 23 адамды жолдау жоспарланып, есепті кезеңге 23 адам жолданса, жастар практикасына 27 адамды жолдау көзделген. Есептік кезеңге 53 жас маман  әртүрлі салаларға жолданып отыр. Ақылы қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыруға 264 адамды қамту жоспарланса, 9 айдың қорытындысы бойынша 398 адам әртүрлі салаға жолданды, дейді Үржар ауданы әкімдігінің  жұмыспен қамту орталығының директоры С.Маусымбаев.

Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру мақсатында қоныстанушылардың материалдық шығындарын субсидиялауға, ауданға өңірлік квотаға енген қандастармен қоныс аударушылар қатарынан 87 адамды көшіру жоспарланған болса, бүгінгі күнге 12 отбасы 25 қандас азамат және алты отбасы 22 адам ерікті көшіп келушілер квотаға енгізіліп, көшіп келуде. Оларға тұрғын үйді жалдау және коммуналдық төлемдерді өтеуге  материалдық көмек те беріліпті.

 Үржар ауданы.

  

Осы айдарда

Back to top button