Экология

Құндыз бен бұландар саны көбейіп келеді

Шығыс Қазақстан табиғи ресурстарының әртүрлілігімен және теңдесі жоқ табиғи ландшафттарымен ерекшеленеді. Өлкемізде шөлдер мен далалардан бастап таулы ормандар мен Альпі шалғындарына дейінгі табиғи аймақтар кездеседі. Жануарлар әлемі де әртүрлі.

Құндыз бен бұландар саны көбейіп келедіАймақтағы сирек және жойылып кету қаупі бар жабайы жануарлардың 60 түрі Қызыл кітапқа енгізілген. Осыған байланысты, жабайы жануарларды қорғау мен өсімін молайтуға ерекше көңіл бөлінеді. Осы тарапта облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы жыл сайын басқа мемлекеттік органдардың қатысуымен басқарма құрылымының іс-шаралар жоспарларын әзірлейді.

Ағымдағы жылғы қазан айындағы жағдай бойынша 4622 рейд пен 1318 тексеру жүргізіліп, қолданыстағы заңнаманы бұзудың 71 оқиғасы анықталып, сомасы 3 851 500 теңге көлемінде айыппұл салынды. 61 заңбұзушылық оқиғасы бойынша жедел шараларды қабылдаудың нәтижесінде материалдар құқық қорғау органдарына тапсырылды.

Антропогендік факторлардың әсерін азайтудан басқа маңызды міндеттердің бірі жыртқыш аңдардың санын реттеу болып табылады. Қазан айының басында жыртқыш аңдардың санын реттеу мақсатында 62 қасқыр, 650 сұр қарға және 350 тағыланып кеткен ит атылды.

Жануарларды көбейтуде биотехникалық іс-шаралар да маңызды рөл атқарады. Ағымдағы жылы 205 жасанды ұя орнатылды, 10 азық салатын науа, 104 тұз салатын науа дайындалды.

Табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтың алдын алу мақсатында жануарлар әлемін қорғау және өсімін молайту бөлігіндегі қызметті жариялау бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізіліп тұрады. Ағымдағы жылы жұртшылық арасында 67 рет әңгімелесу жүргізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында материалдар жарияланды. 91 ақпараттық аншлаг орнатылды. Орман шаруашылығы аңшыларының күнделікті еңбегінің арқасында жабайы жануарлардың саны арта түсуде. Мысалы 2005 жылы «Өскемен орман шаруашылығы» КММ-нің аумағында алғаш рет 47 бас құндыз тіркелсе, 2012 жылы 126 дарағы есепке алынды. Бұланның саны 2010 жылмен салыстырғанда 25%-ға артты.

А.Есентаев,
Шығыс Қазақстан облыстық табиғи ресурстар
және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының
жануарлар әлемін қорғау бөлімінің бастығы

Осы айдарда

Back to top button