Экономика

Өндірістік әк шығару жобасы іске асуға жақын

Жарма ауданы, Жаңғызтөбе кентінде салынып жатқан өндірістік әк шығаратын шағын зауыт құрылысы таяу уақытта толық аяқталып, өндіріс іске қосылмақ.

Өндірістік әк шығару жобасы іске асуға жақынЕліміздің индустриялық-инновациялық үдемелі даму картасына еніп, үлкен үміт күттіріп отырған өндірістің қуаты жылына 90 мың тонна өнім шығаруға жететін көрінеді.

Құны 2,7 миллиард теңге болатын жоба іске асқанда шағын кентте 80 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Металлургия кәсіпорындары үшін үлкен сұранысқа ие өнім шығаратын зауыт – құрылысы облысымызда биыл іске асуға тиіс, жалпы құны 154 миллиард теңге болатын 21 жобаның бірі.

Оны қолға алып, іске асырып отырған облыстық мәслихаттың депутаты Б.Мұсажанов басқаратын «Тэньши» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

– Қазір серіктестік басшылығы облысымыздағы «Қазақмыс», «Қазмырыш» сияқты өндіріс алыптарымен келісімшарттар жасасуға кірісті. Алдағы айларда зауыт толық жұмыс істей бастайтын болады, – дейді осы орайда облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары Жарқын Мұсағалиев.

Еркінбек Асқарұлы

Осы айдарда

Back to top button