Руханият

«Үміт» байқауының жеңімпазы атанды

«Үміт» байқауының жеңімпазы атанды

Тау шыңына таяу ақша бұлттар жеңіл қалқып жүр. Жаз мезгілі болғанына қарамастан аралдағы өткен жылдан қалған қар әлі ағараңдап жатыр. Үңгірде жайылып жүрген жылқылардың жалын жаздың самал желі баяу тербейді. Қаулап өскен жасыл шөп, тоғай бұтақтарында сайраған құстар, гүлден-гүлге ұшып қонып жүрген аралар мен пыр-пырлап ұшқан көбелектердің барлығы бейнебір өмір шығармашылығы жайында ән ұран айтып тұрғандай әсер қалдырады. Осы өмір қуанышы табын ішіндегі маңдайында жұлдызы бар құлынды қуанышқа бөлеп, құлыншақ «Анашым ертең аспанда қайтадан күн шығады ғой?»-деп шешесіне жақындай түскендей.
Бұл суреттің авторы – П.Александр. Тұтқында, темір тордың ар жағында отырып бостандықтағы өмірді суреттеген қылқалам шеберінің қиялында шек жоқ. Оның суреті Шығыс Қазақстан облысына қарасты түзеу мекемелерінде қылмыстық жазаларын өтеп жатқан сотталғандар арасында жыл сайын өткізілетін «Үміт» атты сурет және сәндік қолданбалы бұйымдар байқауында бірінші жүлдеге ие болды. Ол «Үміт» көрмесіне үш жыл қатарынан қатысып келеді. 2012 жылы оның өңірдің табиғатын бейнелеген суреті де сәтті шыққан болатын.
Сотталған ұлының анасы шығармашылығына қатты қызығушылық танытады.
– Оның жұмысы мен үшін ұлыммен кездесуге болатын бірден-бір мүмкіншілік, – дейді анасы.
Осымен он бесінші рет өткізіліп отырған «Үміт» байқауында қазылар алқасы П.Александрдың «Туған өлкем» көркемсуретін І орынға лайық деп танып, оны ақшалай сыйлықпен марапаттады.

Жанар Мадинова,
ШҚО ҚАЖД сотталғандар арасында
тәрбие жұмысы бөлімінің аға инспекторы, әділет майоры

Осы айдарда

Back to top button