Оқиғалар

Құмар ойын иелері құрықталды

Облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті былтыр облыста заңсыз қызмет еткен 45 ойын автоматы залының жолын кесіп, 335 ойын аппараты мен 8 электронды рулетка анықтады.

Құмар ойын иелері құрықталдыСот шешімдерімен ойын автоматтары залдарының қызметін заңсыз ұйымдастырған семейліктер К.Байболов, Е.Жанчурин, С.Әбелдиновке және өскемендіктер Т.Фаизов пен Р.Искаковқа түрлі айыппұл салынды.

Биылғы ақпан айында облыстық қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері жедел іздестіру шаралары нәтижесінде 2 жерасты ойын залының жолын кесіп, 18 ойын автоматын, 1 электронды рулетка, 650 мың теңге және 400 доллар ақшаны айналымнан шығарды. Аталған фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалып, тергелу үстінде.

Жыл басынан бастап облыс соттарымен 6 материал қаралды, 328,5 мың теңгенің айыппұлы салынды. Сот шешімі бойынша покер ойнау үшін 1 үстел, 1 электрондық рулетка және 75 ойын автоматы тәркіленді.

ШҚО бойынша ЭСЖКД
баспасөз қызметі

Осы айдарда

Back to top button