Қоғам

Манифест – бүкіл әлемнің бейбітшілік бағдарламасы

Семей ядролық полигонының жабылғанына – 25 жыл

	 Манифест – бүкіл әлемнің бейбітшілік бағдарламасы

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі ел арасында және халықаралық деңгейде үлкен қызығушылық танытып отыр. Президент бүкіл адамзаттың қауіпсіздігі, болашақ ұрпақ тағдыры үшін алаңдаушылығын дер кезінде білдірді. Бұл Үндеу бүкіләлемдік қо¬ғамдастықтың күш-жігерін ха¬лықаралық терроризм мен яд¬ролық қаруды таратпауға қарсы біріктіруге және адамзат баласына өлім әкелетін соғыс қатерінен мәңгіге арылуға шақыру болып та¬былады. Осыған орай біз Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталықтың бас директоры, ғалым Ерлан Батырбековпен әңгімелескен едік.

– Ерлан Ғаділетұлы, Елбасының манифесі дер кезінде жарияланған бүкіл әлемнің бейбітшілік бағдарламасы іспетті болғандықтан, осыған қандай ой қосасыз?

– Елбасы манифесінде Мем¬лекет басшысы адамзат өркение¬тінің прогресі мен жаңа буын¬дағы технологиялардың дамуы әлемнің төртінші өнеркәсіп революциясының та¬бал-дырығында тұрғанын айқын көрсететінін атап көрсетті. Ядролық державалар жинақтаған жаппай қырып-жоятын қару әлеуеті, халықаралық терроризм мен ірі державалардың бір-біріне қарсы тұруы адамзат өміріне қауіп төндіруде. Нұрсұлтан Әбішұлы бас¬та¬машылық танытқан «Әлем. ХХІ ғасыр» жалпыға ортақ бағдарламасы ядролық қа¬ру¬сыздану, орнықты бей¬бітшілік аймағын құру, әс¬кери-блоктық қарама-қарсы тұрушылықты еңсеру, демили¬таризация мен әділетті жаћандық бәсекелестікті енгізу ісіне бағыт¬талған және дүние¬жүзін бүкіл әлемдегі миллиондаған адамның балалары мен немерелерінің болашағы үшін соғыс қатерінен аластау мақсатын көздейді. Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ барлық елдің басшыларын қарусыздану және ядролық қаруды таратпау ісіне әрі қарай да батыл үлес қосуға шақырады. Аталған салада Қазақстан ширек ғасыр бойы үлгі болып келе жатыр. Бұлай деп отырған себебім, әлемде алғаш болып өз аумағындағы ядролық сынақ полигонын жапты. Бұған қоса, әлеуеті жөнінен әлемдегі төртінші ядролық арсеналынан өз еркімен бас тартты. Сөйтіп, әлемдік қоғамдастық алдында жақсы атқа ие болып қана қоймай, бейбітшілік бағытындағы бастамаларын тұрақты жалғастырып келеді. Бұл бастамалар негізінен қарусыздану мен таратпау бағыттарын көздейді. Жарияланған манифест Қазақстанның бейбітшілікке үндеудегі тағы да бір батыл қадамы болды.

– Өзіңіз басқаратын Ұлттық ядролық орталықта халықаралық жиындар жиі өтіп, небір жаңалықтар ашылып жатады. Қазіргі уақытта қандай істер атқарып жатырсыздар, шетел ғалымдарымен бірлесіп еңсерген жұмыстар, жобалар жайында айтып өтсеңіз?

-Жақында Курчатов қаласында «Ядролық және радиациялық физика» атты 10-ыншы халықаралық конференция өтті. Оған әлемнің 23 елінен ғалымдар қатысты. Жиынға қатысушыларға облыс әкімі Даниал АХМЕТОВ құттықтау жолдап, онда әлемдегі ғалымдардың Курчатовта бас қосуы бейбіт атомды жаңа бағытта нығайтуға мүмкіндік туғызатындығын атап айтты. Конференцияда талқыланған мәселелерде қазіргі уақытта әлем халықтарына болашақта ядролық энергетикаға сүйенулеріне тура келетіндіктері туралы кеңінен түсіндірілді. Мәселен, Францияның атом энергиясы департаментіндегі инновациялық және өнеркәсіп басқармасының жетекшісі Сильвестр Пивенің айтуынша, Францияда электр энергиясының 75 пайызын ядролық реакторлардан, ал 20 пайызын түрлі энергия көздерінен алады. Алда тұрған міндеттердің бірі – Франциядағы ескі реакторларды заманауи технологиядағы реакторларға ауыстыру. АҚШ-тың да негізгі энергия көзі атом саласында, деп атап айтты осы елдің өкілі Александр Станкулеску. Сондықтан да АҚШ өздеріндегі реакторларды 2050 жылы толық жүйелейтін болмақ. Алдағы уақытта реакторлардың күш-қуатына қарай алғашқы атом станциясының құрылысы басталмақ. Осы халықаралық конференция аясында АҚШ-тың энергетика департаментінен Айдахо ұлттық зертханасымен Курчатовтағы ҰЯО басшылығы әріптестік жөнінде меморандумға қол қойдық. Қазақстанның атом энергетикасы саласындағы қарым-қатынасы жыл сайын кеңейіп келеді, біздің Ұлттық ядролық орталықтың ғалымдары 20 жыл бойы Жапонияның түрлі ұйымдарымен бірлесіп жұмыс істеп келеді. Ресей Федерациясымен бірлескен ұзақ жылдарға арналған жобаларымыз бар. Енді міне, бұл салада Францияның атом энергетикасы бойынша француз комиссариатымен бірлескен жобаларды бастаймыз. Біз ҰЯО бойынша жаңа ғасырдың, яғни, технологиясы өте жаңа реактордың құрылысына Бельгиямен бірлесіп жұмыстар атқарудамыз. Ал бүгінгі АҚШ-тың Айдахо зертханасымен бекіткен меморандум атомды бейбіт мақсатқа қолдануға негіз береді. Биыл Семей полигонының жабылғанына 25 жыл, соған орай ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің құрған «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының вице-президенті, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан атом саласының үздік қызметкері Сұлтан Картоевқа арнайы марапат табысталды. Конференцияға әлемнің әр түкпірінен, атап айтқанда, 20 елден өкілдер келді, мәселен, АҚШ, Франция, Жапония, Бельгия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қытай, Беларусь, Ресей, Бельгия және Чехия елінің ғалымдары Қазақстандағы бейбіт атом саласының ерекше дамып келе жатқандығын қолдайтындықтарын жеткізді.

-Әлемде бейбітшілік пен тұрақтылықты орнатуда Қазақстанның рөлі айрықша екендігі рас, бейбіт атомды дамытып, халық игілігіне айналдыруда қандай қызмет атқарып жатырсыздар?

– Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының ҰЯО мамандары жалғыз Семей полигонының ғана аумағында емес, Қазақстанның өзге өңірлерінде де зерттеу жұмыстарын жүргізіп отыр. Мәселен, Ұлттық ядролық орталық ғалымдары бұл күндері облысымыздың Шемонайха ауданындағы Ертіс химия-металлургия зауытында да осындай зерттеулерді жүзеге асыруда. Бұл зауытта 1990 жылдарға дейін сирек кездесетін жер металдары өндірілген. Өндірісте торий сияқты радиоактивті элементтер өндіріліп шығарылғандықтан, зауыттың едәуір бөлігі ластаныпты. Өткен жылы зауыттың бір цехында ғана жұмыс жүргізілді. Себебі, бұл – асығыстықты қажет етпейтін шаруа. Жұмыс күрделі болса да, тоқтамайды, алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Былтырдан бастап, ҰЯО ғалымдары атап айтқанда, оған қарасты радиациялық қауіпсіздік және экология институтының мамандары Қалашы ауылында болып, бүкіл елге әйгілі болған «ұйқыға кету» ауруының қыр-сырын зерттеді. Зерттеу қорытындысы бойынша, мамандар мұнда радиацияның әсері жоқ деген қорытындыға келіп отыр. Қазақстанда атом энергетикасының даму болашағы жарқын. Соның бір дәлелі – орталық ғалымдарының жапондық әріптестерімен міне, қатарынан 20 жыл бойы бірлесіп еңбек етуіміз. Бұл күндері де жапондықтармен бірлесіп, бірнеше жобалар жасалуда. Яғни, атом реакторының белсенді тұсындағы ыстыққа төзімді жабын материалдарды дайындау жұмыстары жүргізілуде.
Біздің мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатының негізгі басымдықтарының бірі – әрқашан ядролық қарудан азат әлем құру болған және болып қала бермек. Сол себепті де Қазақстанды ядролық қарусыздану, ядролық қаруды таратпау және ядролық қауіпсіздік саласындағы көшбасшылардың бірі десек, оған ешкім күмән келтірмейді. Мәселен, еліміздің аталған ба¬ғыт¬¬тағы көптеген бастамаларының кей¬біреуін ғана еске алып өтейін. Ең алдымен, 2006 жылы Семейде Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан мемлекеттері арасында тиісті құжатқа қол қойылған кезде, Қазақстанның Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру бағытын ұстанды. Қазақстан ТМД елдері арасында алғашқылардың бірі болып ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылды. 2009 жылы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ БҰҰ мінбесінен 29-тамызды Дүниежүзілік ядролық қарудан бас тарту күні деп жариялауды ұсынды. Елбасымыздың тағы бір маңызды бастамасы-ядролық қарусыздандыру АТОМ жобасы. Бұл жоба ядролық қаруды сынауға тыйым салады және оны барлық әлемде жаппай жоюға бағытталған. Осыған орай, жер бетіндегі кез келген адам әлемдегі барша көшбасшылар мен үкіметтерге арналған ядролық сынақтардан біржола бас тарту туралы үндеу тасталған петицияға қол қоя алады. Президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі ушыға түсіп отырған халықаралық жағдайлар уақытында бүкіл әлемдік қо¬ғам¬дастық үшін маңызды стра¬тегиялық құжат болып табылады.

-Әңгімеңізге рахмет!

Әңгімелескен – Раушан Нұғманбекова

Осы айдарда

Back to top button