Бәрекелді

Мақаншылықтар әлемді мойындатты

Берікхан Тайжігіт, Үржар

Үржар ауданының Мақаншы ауылының жастары спортқа бейім. Олардың арасынан халықаралық, әлемдік байрақты бәсекелерде топ жарып, еліміздің туын асқақтатып жүрген азаматтар да баршылық.

Таяуда  Испания елінің Барселона қаласынада өткен джиу-джитсу жекпе-жегі бойынша Әлем чемпионатында қарсылас шақ келтірмей,  чемпион  атанған спортшыларымыз Ерасыл Зияданов  пен Роман Бойконы және жүлделі үшінші орынды иеленген Ерсұлтан Темерхановты  жерлестері ауыл болып, салтанатты түрде қарсы алды. Саңлақ спортшыларымызды Үржар аудандық мәслихатының хатшысы Кәлембек Қарашев құттықтап, аудан әкімі Нұржан Тоқсейітовтің Алғыс хатын және естелік сыйлықтар табыс етті. «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» деген, спортшы жігіттерге бағыт беріп, оларды осынау ұлы жолға дайындаған жаттықтырушы Асхат  Бапинге де Алғыс хат табысталып, сый-құрмет көрсетілді.

Осы айдарда

Back to top button