Қоғам

Көшеден табылған сөмкенің ішінде не бар?

Көшеден табылған сөмкенің ішінде не бар?

Маусымның 15-і күні таңертең құқық қорғау органдарына Өскемен қаласының тұрғындары Промышленная көшесіндегі жаяу адамдар жүретін жол шетінде белгісіз сөмке жатқанын хабарлады.
Дереу әрекет еткен тәртіп сақшылары сөмке табылған аумақ – өнеркәсіп алаңын түгел қоршауға алып, қарапайым адамдарды қауіпсіз жерге шығарды. Оқиға орнына келген саперлер сөмкені тексерді.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаевтың айтуына қарағанда, полицияға қоңырау 15-ші маусым күні таңертеңгі сағат сегіздер шамасында соғылған. Матадан тігілген сөмкені әскери-техникалық мектептің қасындағы жол жиегінен қала тұрғындары көрген.
– Қырағылық танытқан қала тұрғындары бірден полицияға хабарласты. Қауіпсіздік мақсатында өнеркәсіп алаңының ауданы қоршауға алынып, жақын орналасқан ғимараттардағы адамдар қауіпсіз жерге шығарылды. Оқиға орнына саперлер шақырылды. Әзірге сөмкенің ішіндегі заттарды мамандар тексеріп жатыр, біз ақпарат күтіп отырмыз, – деп түсіндірді Бақытжан Торғаев.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button