Ауыл шаруашылығы

Келер қысқа 10 мың тонна өнім сатып алынады

«Ертіс» ӘКК өңірдегі өсімдік шаруашылықтарымен 10 мың тонна картоп пен көкөніс сатып алуға келісімшарт жасасты. Өнімдерді күзге қарай сатып алуға облыстық тұрақтандыру қоры мен республикалық бюджеттен 1 миллиард теңге несие түрінде қаржы бөлінді.

Келер қысқа 10 мың тонна өнім сатып алынадыКелісімшарт «Приречное агрофирмасы», «Ертіс Танур плюс», «Азовское» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерімен және «Екімбаев» шаруа қожалығымен жасалған.

Жоспарланған 10 мың тонна өнімнің 3 мыңы Өскеменнің, 7 мыңы Семейдің тұрғындарын қамтамасыз етуге бағытталмақ.

«Ертіс» ӘКК-нің басқарма төрағасы Нұрлан Сыдықовтың айтуынша, сатып алынатын өнімдерді әкімдіктің, «Нұр Отан» партиясының және осы корпорацияның өкілдерінен тұратын арнайы комиссия қабылдайды.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button