Президент тапсырмасы

Халық Президент бастамаларын қолдайды

Халық Президент бастамаларын қолдайдыСұрау салынған қазақстандықтардың 98%-ы Мемлекет басшысының 11 қазанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отыры­сында айтқан барлық бастамалары мен тапсырмаларын қолдайды.

«Сарапшы» қоғамдық қоры еліміздің барлық өңірлерінде қуат үнемдеу және ТКШ-ні жаңғырту проблемалары бойынша әлеуметтік сауалдама өткізді.

ТКШ-лердің жай-күйі басқару жүйесінің тиімсіздігімен және ТКШ кәсіпорындарының қанағаттанғысыз қаржылық жағдайымен сипатталады. Кәсіпорындар жұмысының тиімсіздігі салдарынан судың және басқа да ресурстардың босқа шығындалатыны атап өтіледі. Осыған байланысты, үстіміздегі жылдың 11 қазанында сөйлеген сөзінде Қазақстан Президенті Үкіметке: «Әуелі қуат үнемдеудің базалық мәселелерін шешу қажет», деп нақты тапсырма берді.

Зерттеу нәтижелеріне қарағанда, сұрау салынған қазақстандықтардың 98%-ы Мемлекет басшысының 11 қазанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан барлық бастамалары мен тапсырмаларын қолдайды.

Үкімет 2011 жылы қабылдаған Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған бағдарлама күні бүгінге дейін елдегі қалалар мен кенттер тұрғындары үшін жақсы таныс емес.

Республикалық сауалдаманың қорытындылары тұрғын үй иелері – бағдарламаларға қатысушылардың өткізілген шара­ларға әркез қанағаттана бермейтінін айғақтайды.

Қазақстандықтардың 66,7%-ы – бағдарламаларға қатысушылар баға мен жүргізілген жөндеу жұмыстары сапасының сәйкестігіне қанағаттанбайды; респонденттердің 65,4%-ы сылақ-сырлау жұмыстарына көңілдері толмайды; 55,6%-ы жер­төлелердің қазіргі жағдайына риза емес; сұралғандардың 51,9%-ы төбе жабындысы мен кәріз жүйесіне жүргізілген жөндеу жұмыстары нәтижесін сынайды; 48,1%-ы электрмен қамтамасыз ету жүйесіне жүргізілген жөндеу жұмыстарына қанағаттанбайды; үштен бірі үйді сумен және жылумен қамтамасыз ету бойынша жүргізілген жөндеу жұмыстарына көңілдері толмайды.

Осы айдарда

Back to top button