Президент тапсырмасы

Игерілмей жатқан 84 жер телімі қайтарылды – ШҚО

Президенттің тікелей тапсырмасына сәйкес, игерілмей бос жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмысы өңірімізде қарқынды жүргізіліп жатыр.

Шығыс Қазақстан облысында игерілмей жатқан 84 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы прокурор Алмат Байшұлақов мәлімдеді, деп хабарлайды Didar ақпарат.

– Прокуратураның қадағалау актілері негізінде ауданы 21,5 мың гектар, жалпы кадастрлық құны 500 миллион теңгеден асатын 84 игерілмеген жер учаскесі тәркіленді. Биыл құны 600 миллион теңгеге жуықтайтын 65 мың гектар аумақтың игерілмей жатқаны анықталды. Аталған 221 учаске бойынша қадағалау актілері шығарылды, мемлекетке қайтару жөніндегі шаралар қабылданып жатыр. Жыл басынан бері ауданы 25 мың гектар болатын 181 жайылымдық жер тәркіленді. Осы бағыттағы жұмыс жалғасады, – деді ведомство басшысы.

Осы айдарда

Back to top button