Денсаулық сақтау

Дәрігерлік қызметің сапасы артты

Дәрігерлік қызметің сапасы артты


«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы негізінде жұмыс атқарып жатқан Аягөз аудандық орталық ауруханасының ұжымы алға қойған міндеттерін абыроймен атқарып келеді. Осы орайда аурухананың бас дәрігері Шалқар Омаровпен сұхбаттасқан едік.

-Шалқар Жайықұлы, аудан медицинасының жай-күйі жайында айтсаңыз….

-Емдеу мекемелері аудан тұрғындарына сапалы, қолжетімді амбулаториялық және стационарлық көмек көрсетіп, тұрғындардың денсаулығын жақсарту, ана мен баланың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын дәріптеу, әлеуметтік мәні бар аурулардың ауыршаңдығын азайту, жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу мақсатында жұмыс атқаруда. Ауданда жан саны 74409 адам, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалардың саны 19792, жасөспірімдер саны 2314, ересектердің саны 52303 адам. «Тіркелген халық тіркелімі» ақпараттық жүйесі бойынша Аягөз орталық аудандық ауруханада 52808 адам, «Қазығұл» емдеу мекемесінде 12718 адам тіркелген. Аудан бойынша барлық тіркелгені 65526 адам. Аудан тұрғындарына заңды тұлға ретінде тіркелген үш емдеу мекемесі медициналық қызмет көрсетеді. Олар: «Аягөз орталық аудандық аурухана» КМҚМ мемлекеттік емдеу мекемесі, «Қазығұл» жекеменшік емдеу мекемесі және «Стоматолог» ЖШС жекеменшік емдеу мекемесі. Орталық аудандық аурухана құрамына 18 дәрігерлік амбулатория, 27 медициналық пункт, екі ауылдық аурухана кіреді. Емдеу мекемелерінде 152 дәрігер және 554 орта буынды медициналық қызметкер жұмыс істейді. Оның ішінде мемлекеттік мекемелерде 123 дәрігер және 483 орта буын медициналық қызметкер жекеменшік емдеу мекемелерінде 29 дәрігер және 71 орта буынды медициналық қызметкер еңбек етеді. Аудандағы стационарлық төсек қоры – 230. Ауруханада терапия, хирургия, перзентхана, жұқпалы аурулар, балалар, жүкті әйелдер патологиясы бөлімдері жұмыс істейді.

-Медицина мамандарының жетіспеушілігі байқала ма, болса қандай шаралар қабылдап жатырсыздар? «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша қызмет етіп жатқандар бар ма?

– Өткен жылы бес дәрігер Қорық, Қопа, Сарыарқа, Тарлаулы, Бидайық дәрігерлік амбулаторияларына, екі жас маман орталық аудандық ауруханасына, бір дәрігер-хирург Ақтоғай ауылдық ауруханасына қабылдалып 2017 жылы 11 жас маманмен шарт жасалды. Оның 6- ауы резидентурада оқуға дайындалуда. Резидентураға түспей қалған жағдайда жұмыспен қамтамасыз етіледі.

-Ауруханада қажетті медициналық құрал- жабдықтар жеткілікті ме?

Орталық ауруханада негізінен қажетті медициналық құрал- жабдықтар жеткілікті, барлығы тегіс жаңартылған. Бұлардың арасында УЗИ, ЭКГ, рентген, биохимиялық анализатор, ФГДС бар. Өткен жылы 81 млн. теңгеге «Парыз» қоғамдық қорының қолдауымен орталық аудандық аурухана мен ауылдық амбулаторияларға медициналық құрал-жабдықтар алынды. (ЭКГ, анализатор,УЗИ, гинекологиялық кресло және т.б.). Биыл орталық ауруханаға гемодиализ аппараты орнатылатын болады. Жұмыспен қамту бағдарламасына сәйкес, аудандық емдеу мекемелерін жөндеу жұмыстарына 78791900,27 теңге қаржы бөлінді. Бұған Бидайық, Мәдениет, Малкелді, Қосағаш, Тарлаулы, Өркен, Қопа дәрігерлік амбулаторияларына, Ақтоғай ауылдық ауруханасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
-Рақмет!

Берікхан Тайжігіт
Аягөз ауданы.

Осы айдарда

Back to top button