ҚоғамҚұқық

ДАУ ТУҒЫЗҒАН ГРАНТ

Өткен жылдың қарашасында  облыс кәсіпкерлерінің бірі Данил Комагоров  Facebook әлеуметтік желісінде  «Атамекен» ҰКП-на, облыс әкіміне «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінетін гранттардың әділ бөлінбей жатқанын ашық мәлімдеп, наразылық білдірген болатын.

Үкіметтің қаулысымен бекітілген мемлекеттік гранттарды бөлу ережелеріне сәйкес, мемлекеттік грантты бөлетін жұмыс органыШығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы. Былтыр «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша облыс кәсіпкерлеріне грант беруге 517 миллион теңге бөлінген. Осы қайтарымсыз қаржыны алуға  483 үміткерден өтінім түсіп,  106  бизнес-жобаның  авторы  конкурс жеңімпазы болып танылып, гранттарды иеленген екен.

«Бір грантқа төрт үміткерден келуі себепті  өтінім бергендердің көпшілігі грантсыз қалып, сол себепті комиссия шешіміне көңілдері толмаған. Бұл жыл сайын қайталанатын жағдай. Наразылық білдірген кәсіпкерлер гранттарды бөлудің тәртібіне, конкурс комиссиясын құрудың тәртібіне наразылықтарын білдірді. Облыс кәсіпкерлерінің палатасы да конкурсты өткізу ережесінде  конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығын қамтамасыз етпейтін жемқорлыққа тәуекелділік тұстары бар екенін растайды. Ережеде конкурс қорытындысына шағымданудың тәртібі анықталмаған, конкурс нәтижесі және үміткерлерге қатысты қабылданған  шешімдер туралы ақпарат құпия.

Осыған байланысты қазір облыс кәсіпкерлерінің палатасысотқа кәсіпкерлердің конкурсты ұйымдастырушы мен конкурс комиссиясына қатысты   талап-арыздарын дайындауғақолдау көрсетуде және болашақта кәсіпкерлер гранттарға қатысты бақылау органдарына, сотқа жүгінген жағдайларда оларға кеңес беріп, қолдау көрсетуге әзір», – дейді облыс кәсіпкерлерінің баспасөз қызметі.

Облыс кәсіпкерлерінің палатасы «Атамекен» ҰКП орталық аппаратына аймақ кәсіпкерлері арасында дау туғызып отырған мемлекеттік гранттарды бөлу ережесіне қатысты өзгерістер енгізуді және  оны салалық министрлікке жеткізуді ұсынды.

 

Жамал Ермен

Осы айдарда

Back to top button