Мәдениет

Қайсеновтің образына ену үшін 11 келі салмақ тастапты

Қазақстан, Ресей, Украина киногерлері мен телекомпаниялары бірлесіп, Қасым Қайсенов жайындағы мини-сериалдың түсірілім жұмыстарын аяқтады. Фильмде партизан Қасымның әскери тапсырмалары мен өзі басқарған отряд қозғалысы баяндалады.

Қайсеновтің образына ену үшін 11 келі салмақ тастаптыСюжет бойынша Қайсеновке немістердің жанармай қоймасын жарып жіберу тапсырылады. Бірақ Қасым бастаған диверсиялық топ мүшелері жаудың қолына түсіп, қатты жараланады. Санынан жарақат алған Қасымды сондағы ауыл тұрғыны құтқарып алады.

Аты аңызға айналған қазақ партизанның өмірі украин жерімен тығыз байланысты. Өйткені, Қайсеновтің қайтпас қайсарлығы мен өзі басқарған Чапаев атындағы партизан отрядының ұмытылмас ерліктері дәл осы мекенде жасалған. Сондықтан, сериалдың басым бөлігі осы украин жерінде түсіріліп жатыр екен.

Сериалдағы Қасымның рөлін осыған дейін «Сардар», «Келін» фильмдерінде ойнаған Қуандық ҚЫСТЫҚБАЕВ сомдайды. Актер өзі сомдайтын бейненің қыр-сырын ашу үшін арнайы әскери дайындықтан өткен. Пышақ қадау, қол күрестіру, қару-жарақты дұрыс ұстау, ату, көздеу, тіпті, саптық адымды да үйренді. Сонымен қатар соғыс жылдарындағы Қайсеновке ұқсау үшін 11 келі салмақ тастаған.

FILM.UA және Intra Communications Inc. компаниялары, сондай-ақ «КТК», «Қазақстан», «Евразия бірінші арнасы» секілді отандық телеарналар жұмылдырылған жоба 4 сериядан тұрады. Режиссері – Леонид Белозорович. Телесериалға Қ.Қыстықбаевтан өзге Александр Петров, Михаил Евланов, Мария Луговая, Александр Лыков, Владимир Гостюхин секілді актерлер қатысады. Фильм 2013 жылы үш елдің арналарында көрсетіледі.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button