Мәдениет

Айнаш алдына жан салмады

Облыстық мемлекеттік тілді оқыту орталығының ұйымдастыруымен мемлекеттік тілді оқыту орталықтары оқытушыларының арасында «Танысыңыздар, ол креативті оқытушы!» атты облыстық байқау өтіп, онда 15 оқытушы өзара бақ таластырған болатын.

Айнаш алдына жан салмадыБұл сында Бесқарағайдан барған аудандық тілдерді оқыту орталығының әдіскер-мұғалімі Айнаш Әменова «Қазақтың ұлттық дастарқаны» және «Астана – елімнің жүрегі» атты тақырыптарды қорғады.

Берілген уақытты тиімді пайдалана отырып, тапсырмаларын біліктілігі мен білімділігінің арқасында асқан шеберлікпен орындаған Айнаш Әлібекқызы «Қазақ тілін оқытуда тұсаукесерлерді шеберлікпен қолданушы» аталымы бойынша жүлдегер атанды. Ол бұған дейін Астанада Ресейдің тестолог-ғалымы, «Педагогические измерения» журналының бас редакторы В.Аванесовтың авторлық курсына қатысып, ұлттық тестілеу орталығының сертификатына ие болған еді.

Әсел Қасымғожина

Бесқарағай ауданы.

Осы айдарда

Back to top button