Ауыл шаруашылығы

Асыл тұқымды мал саны артып келеді

Мал басын асылдандыру мақсатында аудандағы «Тұрсынхан», «Ырсақ Ата», «Әділ», «Қасымбай», «Қожамсейіт», «Манар» шаруа қожалықтары 18 бас қазақтың ақ бас бұқасын сатып алды.

Асыл тұқымды мал саны артып келедіҚазақтың ақ бас сиырлары екі жасар кезінде-ақ 300 келі ет бере алады. Бұлардан бөлек ауданда асыл тұқымды мал өсірумен «Алғабас», «Бәкей», «Некрасовка и К», «Еламан» секілді қожалықтар шұғылданып келеді. «Бәкей» шаруа қожалығы биылдың өзінде 48 бас асыл тұқымды мал сатты. Ал ауданда мұндай мал өсіруге талаптанып отырған жандар баршылық.

Биылдың өзінде «Ерғали», «Бақыт», «Жұман», «Манар» секілді шаруа қожалықтары асыл тұқымды мал алу үшін «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамына несие тапсырыстарын берген. Сол сияқты, «Ынтымақ», «Сағади» секілді ұжымдар да «Сыбаға» бағдарламасы арқылы мал алуға ниеттеніп отыр.

Мал өсіруге ниеттенгендер бұл жоба өзін-өзі ақтайтынына сенімді. Оның үстіне әр сиырға 4500 теңгеден, ал асылдандыруға 14 мың теңгеден субсидия беріледі. Сатып алынған асыл тұқымды бұқаның әрқайсысына 118 мың теңге, қойға – 8 мың, жылқыға – 40 мың теңгеден төленеді. Қазір ірі қараның «Әулиекөл» тұқымын өсірумен «Бәкей», «Некрасовка и К», «Алғабас» секілді қожалықтар айналысса, «Алғабас», «Еламан» ұжымдары «Байыс» қой өсірумен шұғылданып келеді «Мал өсірсең, қой өсір – табысы оның көл-көсір» деген нақылды ұстанған Төлеген Жирентай ақсақалдың жерлестеріне үйретері көп. Ал аудан бойынша асыл тұқымды жылқы өсіріп отырған жалғыз ұжым – Бақытбек Мұсабаев басқаратын «Некрасовка и К» қожалығы.

Берікхан Тайжігіт

Үржар ауданы.

Осы айдарда

Back to top button