Аймақтар аухалы

Алыстан менмұндалап көрінеді

Берікхан Тайжігіт, Аягөз

Аягөз қаласының кіреберісінде әсем безендірілген арка-қақпа бой көтерді. Ақындар мен абыздар елі атанған қасиетті өлкенің қақпасы еңселі болып шықты, рас. Ұзақ жылдардан бері жұрттың көкейінде жүрген бұл игі істі «AGM Service» ЖШС орындады.

– Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының 50 пайызы аяқталды, –дейді Аягөз қаласының әкімі Медет Мырзыкешев. – Мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесіне сәйкес «AGM Service» ЖШС ұтып алып, арнайы келісімшарт жасалған. Қазір қақпаның маңдайшаларына латын әріптерімен «AIAGOZ» және «SAT SAPAR» деген жазуларды орнату жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы, Аягөз – Жібек жолының бойында, тоғыз жолдың торабында орналасқан ежелгі қала. Оңтүстігінде Алматы, Қонаев, Талдықорған, ал солтүстігінде Семей, Өскемен сияқты үлкен қалалар орын тепкен. Ал енді одан ары бет түзесеңіз теріскейдегі көршіміз Ресейге, күнгейде Орталық Азия мемлекеттеріне, шығысында Бақты арқылы Қытай еліне жол тартуға болады. Көлік жолымен және теміржолмен арылы-берілі ағылған жұрттың бәрі осы Аягөзді басып өтеді. Сондықтан іргелі шаһардың маңдайына осындай бір сәні мен салтанаты жарасқан еңселі қақпа бұрыннан қажет болып жүр еді.

Суретте: Аягөздің арка-қақпасы.

 

 

 

Осы айдарда

Back to top button