Аймақтар аухалы

Ақтоғайдағы ауқымды жоба

Берікхан ТАЙЖІГІТ, Аягөз

     Аягөз ауданы аумағына орналасқан KAZ Minerals тобы еліміздегі заманауи, ірі ауқымды карьерлік типтегі тау-кен өндірісін дамытуға бағытталған, әлеуеті зор мыс өндіруші компания. Мұнда жыл сайын тау-кен өндіру ісі қарқын алып келеді.

2021 жылы мыстың жалпы өндіріс көлемі 299 мың тоннаға жетіп, ілеспе өнім ретінде 43 мың тонна концентраттағы мырыш, 167 мың унция алтын мен 3,417 млн. унция күміс өндірілді. Айта кетерлігі, KAZ Minerals тобының жаңа өндірістік кәсіпорындарының бірі Ақтоғай КБК осы саладағы алдыңғы қатарлы даму көрсеткіштерін қамтамасыз етіп, қордың басым бөлігі әлемдік деңгейдегі ашық түрдегі кеніштерден тұратын компанияға айналды. Сульфидті кенді қайта өңдеу қуатын екі есе арттыратын Ақтоғайды кеңейту жобасы 2021 жылдың қазан айында басталып, жыл соңында тұтынушыларға алғашқы өнім жеткізілді. Өйткені KAZ Minerals тобы – өте ауқымды жоба. Мәселен, Қазақстан, Ресей және Қырғызстанда шамамен 14 000 адам жұмыс істейді. Мұнда мыс өндірісі  2022 жылдың тоғыз айында 26 пайызға артып, 282 мың тоннаға жетті. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, өткен 2021 жылдың 9 айында 224 мың тонна өндірген болатын. Ақтоғайдың екінші сульфидті фабрикасында өндірісті ұлғайту, сондай-ақ бірінші сульфидті фабрика мен оксид зауытының өнімділігінің артуы жыл басынан бастап биылғы 30 қыркүйекке дейін Ақтоғайдағы мыс өндірісін 64 пайызға ұлғайтуға мүмкіндік берді. Сөйтіп, өндіріс көлемі 168 мың тоннаға жетті.  Мәселен, былтырғы  9 айда бұл көрсеткіш 102 мың тонна болған.

Кенді қайта өңдеу көлемі барлық кәсіпорындарда артты. Жуырда KAZ Minerals тобының басқарма төрағасы Эндрю Саузам былай деді: «2022 жылдың өткен тоғыз айында KAZ Minerals тамаша өндірістік нәтижелерге жетті – мыс өндіру көлемі 26 пайызға артты. Ақтоғайдағы екінші сульфидті кен байыту фабрикасында өндірісті кеңейту өндірісімізді айтарлықтай өзгертуге мүмкіндік берді. Топ кәсіпорындарында мыс өндірісін барынша арттыру үшін өткізу мүмкіндігін жақсарту жалғасып жатыр».

Ал жалпы, Ақтоғайда 2022 жылдың үшінші тоқсанында өндірілген 18 592 мың тонна кен алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 9 пайызға артық. Мысалы, биылғы екінші тоқсанда  16 999 мың тонна өндірілді,  бұл өткен жылдың осы кезеңіндегіден 37 пайызға көп. Атап айтар болсақ, 2021 жылдың үшінші тоқсанында 13 579 мың тонна кен өндірілген болатын. Мұның өзі екі сульфидті фабриканы тиісті көлемдегі шикізатпен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Жыл басынан 30 қыркүйекке дейін өндірілген 52 143 мың тонна кен өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 30 пайызға көп. 2021 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша  40 199 мың болған. Оған сульфидті кенді өндіру 37 пайызға артқаны себеп болды. Бұл екі сульфидті кен байыту фабриканың жиынтық өнімділігінің артуына, сондай-ақ болашақта қайта өңделетін қоймаланған кен көлемінің 31,2 млн. тоннаға дейін ұлғаюына әкелді. Оксидті кен аз өндірілді, өйткені алдыңғы кезеңдерде үймелі сілтісіздендіру алаңдарына жеткілікті көлемдегі кен жеткізілген болатын.

Мәселен, 2022 жылдың үшінші тоқсанында өңделген сульфидті кеннің көлемі 12 964 мың тоннаға жетті, бұл алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 14 пайызға артық. 2022 жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша 11 415 мың тонна өндірілген. Бірінші сульфидті фабрикада өңделген кен көлемі екінші тоқсанда жоспарлы техникалық қызмет көрсетуден кейін 12-ге артып,     7 281 мың тоннаға жетті. Екінші сульфидті фабрикада өндіріс көлемінің өсуі жалғасты, бұл ретте өнімділік 2022 жылғы қыркүйекте ЖӨҰ диірменіндегі қаптаманы ауыстыруға қарамастан 16 пайызға артып, 5 683 мың тонна болды (2022 жылдың екінші тоқсанында 4 905 мың тонна). Өңделген сульфидті кеннің көлемі 2022 жылғы 30 қыркүйекке дейін 37 053 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 94 пайызға көп (2021 жылдың тоғыз айында 19 131 мың тонна). Бұл 2021 жылдың қазан айында іске қосылған екінші сульфидті фабрикадағы өндіріс көлемінің өсуін және бірінші сульфидті фабрика өнімділігінің 12 пайызға артқанын көрсетеді. Сондай-ақ KAZ Minerals өз кәсіпорындарындағы процестерді оңтайландыруға инвестиция салуды жалғастыруда. Бірінші сульфидті фабрикада жасанды интеллект жүйесін енгізу өнімділікке де, бөліп алуға да жағымды әсер етеді және 2023 жылы одан арғы жобаларды енгізу қосымша мүмкіндіктер береді.

Сол сияқты, үшінші тоқсанда оксидті кеннен катодты мыс өндірісі 11 пайызға артып, 7,0 мың тоннаға дейін жетті. Өйткені үймелі сілтісіздендіру алаңдарына металл үлесі жоғары материал жеткізілген. Жыл басынан бастап 2022 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі кезеңде катодты мыс өндірісі 18,6 мың тонна болды, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2 пайызға артық. Оған алдыңғы кезеңдерде сілтісіздендіру алаңдарындағы металл үлесі жоғары материалдан мысты сілтісіздендірудің арқасында қол жетті.

2022 жылдың 9 айындағы өндірілген 167,8 мың тонна мыс 2021 жылдың сәйкес кезеңімен (102,3 мың тонна) салыстырғанда 64 пайызға артық. Оған 63,8 мың тонна көлемінде қосымша мыс өндірісін қамтамасыз еткен екінші сульфидті фабриканың арқасында қол жетті. Бірінші сульфидті фабрикада өнімділікті және бөліп алу коэффициентін арттыру есебінен қосымша 1,4 мың тонна мыс өндірілді. Бұл өңделген кендегі мыс үлесінің 0,48 пайызға дейін төмендеуін өтеді. Алдағы жылдары Ақтоғайда қайта өңделетін кендегі мыстың орташа үлесі кеніштің қызмет ету мерзімінің ұлғаюына қарай төмендейді.

Сондай-ақ күміс өндірісі биылғы 30 қыркүйекке дейін 107 пайызға артып, 849 мың унцияға жетті (2021 жылдың 9 айы: 411 мың унция). Бұған екінші сульфидті фабриканың қосымша көлемінің, сондай-ақ бірінші сульфидті фабрикадағы бөліп алу коэффициентінің жоғарылауының арқасында қол жетті. Ал концентраттағы молибденнің 1 425 тонна көлеміндегі өндірісі өткен жылғы көрсеткіштен үш есе дерлік асты (2021 жылдың 9 айы: 476 тонна). Өйткені бірінші сульфидті фабрикадағы молибден желісінің жұмысындағы өзгерістер бөліп алу коэффициентін едәуір арттырды. Айта кетерлігі, екінші сульфидті фабрикада концентраттағы молибден өндірісі 2022 жылдың ақпанында басталған.

Осы айдарда

Back to top button