Қоғам

Универсиада чемпионын қарсы алды

Универсиада чемпионын қарсы алды


Қытайдың Тайбей қаласында өтіп жатқан жазғы Универсиада ойындарында алтын медаль иеленіп, чемпион атанған жерлесіміз Денис Уланов елге оралды. Ауыр атлетті Өскемендегі әуежайдан қалың жанкүйер құшақ жая қарсы алып, зор қошемет көрсетті.

Естеріңізге сала кетсек, аспан асты елінде өтіп жатқан дүбірлі жарыста зыряндық атлет 85 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған болатын. Қоссайыстың нәтижесінде біздің жігіт 360 кг бағындырып, алтын медальды жеңіп алды. Екінші орын армениялық Андраник Карапетянға бұйырса, үздік үштікті кореялық Жанг Юнг Хак түйіндеді.

Ел мерейін асқақтатқан ауыр атлетті күтіп алған жанкүйерлер бұл күні спортшыға ерекше құрмет көрсетті.

– Қытай елінде өтетін байрақты бәсекеге жолдама алған кезден бастап, дайындық жұмыстарын күшейттім. Жалпы, Тайпэй қаласында ұйымдастырылған Олимпиада ойындары өте жоғары деңгейде өтті. Осы орайда, мен әрбір спорттық додаға қатысқан сайын барынша қолдау көрсетіп, жанкүйер болған барша жерлестеріме алғыс айтамын. Бұл – біздің ортақ жеңісіміз,- дейді Денис Уланов.

Ажар Сағатбекова

Осы айдарда

Back to top button