ИнфрақұрылымТОП

Төте жолды көпір құрылысы ұстап тұр

 

«Өскемен – Рахман қайнары» бағытында Осинов асуынан салынып жатқан тура жол, шамамен, екі жарым жылдан кейін пайдалануға беріледі. Оның себебін «Қазавтожол» компаниясы филиалының директоры Ерлан Қалымов түсіндірді.

– Бұл – күрделі жоба. Таулы аймақ болған соң ұзындығы 120 метр, биіктігі 35-40 метр болатын көпір салуымыз керек. Жыл соңына дейін мердігерді анықтап, құрылысын келер жылы жүргізбекпіз. Көпір құрылысының өзі жоба бойынша екі жылға созылады. Әйтпесе жолдың өзін биыл аяқтаймыз, – деді Е.Қалымов.

Мамандардың айтуы бойынша, тура жол жүргіншілердің қауіпсіздігі мен жүк көліктерінің қыс мезгілінде тоқтамай қатынап тұруы үшін салынып жатыр. Жүк көліктері қыс бойы еркін жүріп-тұратын болса, Катонқарағай ауданындағы алыс елді мекендерде көмір бағасы аса қымбаттамауы мүмкін.

Тасқын Болатұлы

Осы айдарда

Back to top button