Мәдениет

Татар қонысындағы тартымды кеш

Татар қонысындағы тартымды кешӘр аптаның сенбі күні түс әлетінде Өскемендегі этноауылда Шығыс Қазақстан облысының 80 жылдығы мен облыстық Достық үйінің 20 жылдығына орай аудандардағы этномәдени орталықтардың концерті өтіп келеді.

Өткен аптаның сенбісінде Бесқара-ғай мен Бородулиха аудандарының Достық үйлері келіп, қала халқына өз өнерлерін көрсетті.

Мұндағы қатар-қатар ірге тепкен әр ұлттың қоныстарын аралап жүрген серуеншілер татар үйінің алдына бір соқпай өте алмаған. Себебі, мұнда жоғарыда аталған екі ауданның өнерпаздары өнер көрсетуде.

Қазір өңірімізде Өскемендегі облыстық Достық үйін айтпағанда, сегіз Достық үйі жұмыс істеуде. Бородулиха ауданынан татар, орыс, украин ұлттарынан құралған 30-дан астам өнерпаз келсе, Бесқарағай ауданынан небір ұлттың әндерін нақышына келтіре орындап жүрген «Асыл әжелер» фольклорлық ансамблі бастаған майталмандар келіпті.

– Біз берекемізді бекемдей түсетін осындай игі шаралардың көптеп өтуіне тілектеспіз, – дейді осы ансамбльдің мүшесі Күләш Нұрпейісова.

Мұратхан Кенжеханұлы

Осы айдарда

Back to top button