Қоғам

Тарбағатай тауында тасбақалар қайдан жүр

Тарбағатай тауында тасбақалар қайдан жүр


Тарбағатай тауының етегі тұнып тұрған тарих. Оның баурайы мыңжылдық петроглифтерге ғұн, үйсін, сақ дәуіріне жататын көне ескерткіштерге толы.

Дегенмен, тарихшылар және кәсіби археологтар тарапынан бұл жерлер әлі толық зерттелмеген. Бұл олқылықтың орнын әуесқой этнограф Бекембай Аққалақов пен тарихшы Тұрдықұл Шаңбай толтырып жүр.

Олар көне жәдігерлерді суретке түсіріп, тарихын зерттеуді қолға алған. Таскескен-Бақты тасжолының бойында бес мың шақырым аумақты алып жатқан алқапта тарихтан сыр шертетін тың дүниелер көп дейді олар. Солардың бірі -жергілікті халық «Тасбақатау» атап кеткен үлкен тас.

– Бұл адам қолымен жасалған дүние емес. Табиғат жаратылысы. Зер салып қарасаңыз бір тасбақаның төменге құлдилап, бір тасбақаның жоғарыға өрлеп бара жатқандығын көресіз. Мұнда тіпті бүркітке, шөккен түйеге, динозаврларға ұқсайтын жүзден астам тас мүсіндіреді кезіктіруге болады. Көне дәуірдің таңбалы тастары да жоқ емес,-дейді Б.Аққалақов.

Олардың айтуынша, Ш.Уәлихановтан кейін Тарбағатай өңірінің географиялық картасы түспеген. Зерттеушілер Тарбағатайдың оңтүстік, солтүстік, теріскей, күнгей жағын түгел суретке түсіріп, ол жерді зерттеп, келешекте кітап қылып шығаруды мақсат етіп отыр.

Лаура Тілеубайқызы

Осы айдарда

Back to top button