Білім

Талапкерлерге тағы бір мүмкіндік

Талапкерлерге тағы бір мүмкіндік

Елімізде «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» атты мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырыла бастады. Жаңа жоба оңтүстік облыстардың жастарына солтүстік, батыс және шығыс аймақтарда білім алуға мүмкіндік береді. Бұл туралы «Өрлеу» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Мұрат Әбенов мәлім етті.

– Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл өңірлерінде демографиялық көрсеткіш жоғары, бірақ жұмыс орындары тапшы. Павлодар, Шығыс Қазақстан сияқты аймақтарда керісінше кадр жетіспейді, – деді Мұрат Әбенов.

Бұл мақсатта 7 жоғары оқу орнына – бір мың, 23 колледжге бір мың грант бөлінген. ҰБТ-да төмен ұпай жинап, тегін оқу мүмкіншілігінен қағылған талапкерлер, сондай-ақ, бұрын мектеп бітіргендер 22-шілдеге дейін құжат тапсыруы тиіс.

Грант иегерлеріне таңдаған қаласына пойызбен қатынауы үшін жолақы төленеді. Одан бөлек, жатақханамен және ас-ауқатпен қамтамасыз етіледі. Ал оқу бітірген соң сол жақта немесе осында келіп те жұмысқа орналаса алады.

Источник: Altaynews.kz

Осы айдарда

Back to top button