Мәдениет

Шығыста Шәмші фестивалі өтеді

Қыркүйектің 19-21 аралығында Өскемен қаласындағы Металлургтер мәдениет сарайында Мәдениет және ақпарат министрлігі және облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен Шәмші Қалдаяқов атындағы халықаралық «Менің Қазақстаным» атты ән фестивалі өтеді.

Шығыста Шәмші фестивалі өтеді19-қыркүйек күні сағат 18.00-де Металлургтер мәдениет сарайында аталған фестивальдың салтанатты ашылуы және І кезеңі өтеді. 20-қыркүйек күні халықаралық байқаудың ІІ кезеңі жалғасады. Ал фестивальдың гала-концерті 21-қыркүйек күні сағат 19.00-де Металлургтердің мәдениет сарайында мәресіне жетеді деп жоспарланған.

Гала-концертте Қазақстанның халық әртісі Ескендір Хасанғалиев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері Алтынай Жорабаева, Толқын Забирова, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Медеу Арынбаев, «Орда» тобы, сонымен қатар облысымыздың өнерпаздары Вячеслав Ткач, Альмира Нұрғожина, Арыстанбек Кәкеев, Берік Омаров, Гүлдана Ноғайбаева өнер көрсетеді.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button