Ауыл шаруашылығы

Шығыста пияздан рекордтық өнім алынды

Шығыста пияздан рекордтық өнім алынды
Төлеген Екімбаевтың көкөніс шаруашылығында биыл пияздан бұрын-соңды болмаған мол өнім алынды. Мұндағы 18 гектардың әрқайсысынан 50 тоннадан пияз жиналған.

Мұндай жоғары көрсеткіш бұған дейін өңірімізде тіркелмеген көрінеді. Шаруашылықтың бас көкөніс өсірушісі Тамара Ошлакова аталған жетістікке жету үшін көп жылдар аянбай тер төккен. Өсіру технологиясы, сапалы тұқым мұқият таңдалыпты. «Дайтон» деп аталатын тұқымды таңдағанда ғана нәтижеге қол жеткен.

– Биыл көктем күрделі болып, өскіндер жетілгенше қатты алаңдадық. Олар көтерілмейінше суаруға болмайды ғой. Суықта бірден өсіп кете алған жоқ. Күн жылынып, жерден едәуір көтерілгесін ғана суаруды бастадық. Биыл бұған дейін қол жетпеген мол өнім алсақ та, әлі де көңілім толмайтынын жасыра алмаймын. Бұдан да жоғары жетістікке жетуге болар еді. Келер жылы барынша тырысатын боламыз, – дейді Тамара Ивановна.

Алынған мол өнімді сұрыптауға маңайдағы округтерден әйелдер бір-ден жиналған. Өйткені, Екімбаевтың шаруашылығы жақсы еңбекақы төлеп, жұмысшыларын дәмді ыстық тамақпен қамтыған. Пиязды сорттауға мұнда көршілес ауылдар Макеевкадан, Донскоедан, Тавриядан, Восточноедан әйелдер келген. Енді Гагарино ауылының әйелдері де жұмыс істеуге ниет білдіріп отырған көрінеді. Мәселен, Светлана Чемодурова Макеевкадан келген. Жалғыз өзі екі баласын тәрбиелеуде. Анжеласы алтыншы, Артуры бесінші сыныпқа көшкен. Балаларын мектепке ойдағыдай дайындаған, мемлекеттен атаулы көмек алып тұрады. Ол бүгінгі таңда бар тапқан таянғанын шашау шығармай, балала-рының игілігіне жұмсауда.

Екімбаев шаруашылығы тек пиязбен ғана шектелген емес. 170 гектардың картобы жиналып алынған. Жақсы өнімді қазақстандық «жанасай» тұқымы берген. Орамжапырақтың биыл егілген «амтрак» деп аталатын қысқы сортын да жинау да қарқынды жүруде. Келісімшарт бойынша облыстық тұрақтандыру қорының үш мың тонна көкөнісін өзінің базасында келер жылдың 15 мамырына дейін сақтап беруі қажет. Аталмыш міндеттемені ойдағыдай орындап шығу үшін сәбізді әдейі кешірек сеуіпті. Себебі, тамыздың аяғында алынған сәбізге қарағанда қазанда жиналған өнімнің сапалық қасиеті жоғары болады екен.

Тамара Ивановна өзінің қарамағындағы әйелдер бригадасымен қазіргі кезде 40 гектарға егілген орамжапырақты жинауға кіріскен. Әр гектар 60 тоннадан өнім берген. Бұл жерде Айгүл Нұрпейісова, Наталья Красильникова, Любовь Проскурякова, Ольга Толмачевалар уақытпен санаспай мол өнімді жинап алудың қамында жүр.

Көкөніс алқабындағы әйелдер бәсекелестікпен еңбек етуде. Жұмыс-шылардың бәрі көкөністі жақсылап сақтау керектігін жақсы түсінген. Сондықтан ағымдағы жылы сақтау базасы жаңғыртылып, кеңейтіліпті. Онымен білгір мамандар Ержан Тұрашев, Дмитрий Блощицин шұғылданыпты. Олар бізге қоймадағы климаттық-бақылау автоматтандырылған жүйе-сінің жұмысын таныстырды. Бұл жердегі сақтау тәсілі – су парын тозаңдандыру арқылы голландиялық стандарт негі-зінде жүргізіледі екен. Қойманың 5,5 мың тонна көкөністі сақтауға мүм-кіндігі артығымен жетеді.

Владимир Никифоров
Ұлан ауданы.

Осы айдарда

Back to top button