Мәдениет

Әсем композицияларды көрген жұрт әсерленіп қайтты

Өнегесі мол игілікті шара Зайсан қаласында болып өтті. Шекарадағы ауданның орталығын ерекше құлпыртып, түрлендіріп жіберген дәстүрлі гүл фестиваліне ұзын саны қырықтан асатын ұйымдар мен мекемелер, кәсіпорындар, ондаған жеке тұлғалар қатысты.

Әсем композицияларды көрген жұрт әсерленіп қайттыДәл осы күні қаланың орталық алаңы иранбаққа айналғандай әсер қалдырды. Көздің жауын аларлық түрлі-түсті гүлдер арқылы орындалған авторлық композициялар бүгінгі таңдағы өркендеген тәуелсіз Қазақстанды, Лондон Олимпиадасында жүлде алған спортшылардың жеңісті жолдарын, Зайсан жерінің бай табиғаты мен көркем келбетін айшықты бере білген. Әсем композициялардың арасында Астананың символы – Бәйтерек басқалардан өзгешеленіп, көпшіліктің назарын өзіне бірден аударып тұр.

Фестиваль қорытындысы бойынша байқаудың бас жүлдесі Еңлік атты балабақша бүлдіршініне табысталды. Оның өз қолымен құрастырған гүлге оранған Жер шары жұмысы көпшіліктің көңілінен шығып, қазылардың жоғары бағасына ие болды.

Ұйымдастырушы мамандардың айтуынша, мұндай іс-шара ең әуелі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа табиғатты аялауды, қорғауды, туған жерді сүйіп, құрметтеуді үйретсе, екінші жағынан қаланың көркеюіне, гүлденуіне септігін тигізбек.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button