Мәдениет

Райысова – Жазушылар одағының жаңа мүшесі

Жақында Қазақстан Жазушылар одағы тағы бір шығысқазақстандық қаламгермен толықты. Ол – өңірімізді былай қойғанда, республиканың жырсүйер қауымына ойлы да сыршыл өлеңдерімен белгілі Бақытжан Райысова.

Райысова – Жазушылар одағының жаңа мүшесіҚазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген соң еңбек жолын осы оқу орнындағы «Қазақ университеті» газетінде тілшіліктен бастаған Бақытжан 27 жылдан бері ұстаздық етіп келеді. Жас ұрпақтың бойына қазақ тілінің құдіреті мен қазақ әдебиетінің кәусарын сіңіріп келе жатқан ол қолы босай қалса, жыр жазады. Өлең-жырлары әуелде республикалық газет-журналдарда, «Балауса», «Ағажай, Алтайдай жер қайда?» атты топтама-жинақтарда жарық көрген ақынның осы уақытқа дейін «Ай мен Алтай», «Сезім сәулесі», «Шағылға біткен шынармын» және жақында ғана «Ай патшалығы» атты кітаптары Астана мен Алматыдағы баспаларда басылып шыққан.

Қазіргі кезде Өскемендегі Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша сабақ беретін Бақытжан Райысова әзірге біздің өңірімізден Қазақстан Жазушылар одағына мүшелікке қабылданған жалғыз әйел-ақын болып отыр.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button