Ауыл шаруашылығы

Әр күнді тиімді пайдаланып жүр

Әр күнді тиімді пайдаланып жүрЖаңбырдан толастаған соң, шаруа қожалықтары өз алқаптарындағы дәнді дақылдарды жинауға кірісті.

Аудандық кәсіпкерлік, ауыл ша-руашылығы және ветеринария бөлімі-нің бас маманы Мырзауәли Жақи-товтың айтуынша, 740 гектардағы қарабидай толығымен орылған. Әр гектардан 17 центнерден өнім алынды. Қарабидай Үлкен Нарын, Новохайрузовка және Алтынбел ауылдық округтеріндегі шаруа қожалықтарының алқаптарында егілген. Сонымен қатар, диқандар арпа және сұлы алқаптарын жинауға кірісті. Бүгінгі таңда 14800 гектардағы күздік бидайдың төрт мың гектарынан астамы орылып, қамбаларға құйылды. Новохайрузовка, Солоновка шаруа қожалықтары әр гектардан 13-14 центнерден өнім алды.

Шаруашылықтарда сүрлемдік дақылдарды ору жұмыстары қатар жүргізілуде. Биылғы қысқа шаруа құрылымдары 4 мың тонна пішендеме дайындап үлгерді. Ал жоспарланған 156 мың тонна шөптің 80 пайыздан астамы дайындалып, қыстақтарға тасымалдануда.

Тұрсынхан Базарбаев
Катонқарағай ауданы

Осы айдарда

Back to top button