Төтенше жағдай

Қызылсу қауіп төндірді

Зайсанның Сарытұмсық ауылындағы бірнеше тұрғын үйге қауіп төндірген қызылсудың бетін қайтаруға 71 адам жұмылдырылды. Бұл туралы аудан әкімдігінің «Инстаграмм» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында хабарланған.

Ауыл тұрғындары Айнабұлақ ауылдық округіне қарасты Сартұмсық елді мекенінің маңындағы су тұмасының аязда қатып, қызылсу жүріп кеткені және оның төрт тұрғын үйге қауіп төндіргені туралы хабарлаған.  Ертесіне таңғы уақытта мұзды қазып, арық жасау мақсатымен жергілікті атқарушы органнан 59 адам мен 10 техника, сондай-ақ, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінен 12-адам мен екі техника шығарылған.

Көмекке келген азаматтар ауыл маңында ұзындығы 350 метр арық қазып, қызылсудың бағытын басқа жаққа бұрды. Осылайша, Зайсан қаласынан 70 шақырым қашықтықта орналасқан Сарытұмсық ауылының тұрғындарына төнген қауіп сейілді.

Қоса кетсек, тау арасында орналасқан бұл елді мекенде бүгінде 15 адамы бар алты отбасы тұрып жатыр.

Азамат Темірбеков

Осы айдарда

Back to top button